Батыс Еуропада нешінші орында
Сабақтың барысы
Бұл сабақта Қазақстаннан Еуропа елдеріне саяхатымызды жалғастырып, Батыс Еуропаның дамыған мемлекеттері туралы білімімізді бекітеміз. Жұмыс түрлері: ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, бағалау, карточкалық сұрақтар және картамен жұмыс.
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
- Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуды тексеру.
- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың толықтығын қадағалау.
2) Үй тапсырмасын тексеру (13 минут)
Қазақстаннан Еуропа елдеріне саяхатымызды жалғастырамыз. Үй тапсырмасы графикалық диктант арқылы тексеріледі.
Графикалық диктант
- Еуропаның өнеркәсібіндегі ең жетекші сала — машина жасау.
- Еуропада машина жасаудан кейінгі жетекші сала — түсті металлургия.
- Еуропада «Үлкен жетілікке» кіретін төрт ел орналасқан.
- Германия мен Ұлыбританияда көмір өндіру мүлдем тоқтатылды.
- «Үлкен жетілікке» сегіз ел кіреді.
- Қазір аймақтағы АЭС-тердің саны 80-ге жуық.
- Дүние жүзінде туристер ең көп баратын ел — Франция.
- Шығыс Еуропаны бұрын социалистік жүйеде болған елдер құрайды.
- Дүние жүзіндегі аса ірі 200 банктің 100-ден астамы Еуропада орналасқан.
- 2002 жылғы 1 қаңтарда еуро айналымға енгізілді.
Белгілеу
- «+»
- Дұрыс
- «-»
- Дұрыс емес
Бағалау шкаласы
Баға
5
9–10 дұрыс жауап
Баға
4
6–8 дұрыс жауап
Баға
3
4–5 дұрыс жауап
Баға
2
0–3 дұрыс жауап
Келесі бағыт: Германия Федеративтік Республикасы
Ендігі кезекте Батыс Еуропаның ең дамыған мемлекеттерінің бірі — Германия Федеративтік Республикасына сапар шегеміз. Тақырып карточкалық сұрақтар және картамен жұмыс арқылы бекітіледі.
Карточкалық сұрақтар
ГФР-ның астанасы
Берлин (қаладағы әйгілі нысандардың бірі — Бранденбург қақпасы).
Экономикалық-географиялық жағдайы
Шығыс Еуропа елдерімен іргелес, құрлық және әуе жолдарының тоғысқан тұсында орналасқан; Балтық және Солтүстік теңіздермен шектеседі.
Аумақтық құрамы
16 әкімшілік (федералдық) жерден тұрады.
Табиғат ресурстары
Таскөмір, қоңыр көмір, табиғи газ, калий тұздары және құрылыс материалдарының қоры.
Мемлекеттік құрылымы
Федерациялық республика.
Халқының саны бойынша Батыс Еуропадағы орны
80,9 млн адам — 1-орында.
Халықтың этникалық құрамы
Негізгі бөлігін немістер құрайды (шамамен 92%).
Жеңіл автомобиль жасаудағы орны
Жапония мен АҚШ-тан кейін — 3-орында.
Германияның «автомобиль астанасы»
Вольфсбург.
Кеме жасаудағы орны (жүк сыйымдылығы бойынша)
Жапония мен Корея Республикасынан кейін — 3-орында.
Неліктен Германияны «химиялық держава» дейді?
Химия өнеркәсібінің жоғары деңгейде дамуына байланысты.
Ауыл шаруашылығының жетекші саласы
Мал шаруашылығы.
Картамен жұмыс
1) Германияның шекаралас елдері
Польша, Чехия, Австрия, Швейцария, Франция, Бельгия, Нидерланд, Дания.
2) Аса ірі қалаларын картадан табу
- Берлин
- Гамбург
- Мюнхен
- Кёльн
Жаңа тақырып: Ұлыбританияға саяхат
Жаңа тақырыбымызда дүниежүзілік «Үлкен жетілікке» кіретін, экономикасы жоғары дәрежеде дамыған мемлекет — Ұлыбританияға саяхатқа шығамыз.
Саяхат барысында Ұлыбританияның шекаралас елдерін, ірі қалаларын, королева Елизаветаның резиденциясын, Парламент ғимаратын және өндіріс орындарын қарастырамыз.
Ескерту
Қосымша материал: «Ұлыбритания» (жүктеу).