Сұрақтарға жауап алу
Сын есім
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру.
- Шығармашылық деңгейдегі жаттығулар арқылы ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту; көркем жазу арқылы әсемдікке баулу.
- Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
Сөзжұмбақ, суреттер, видеопроектор, слайд.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Сабақтың барысы
I кезең
Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Жұмысқа жұмылдыратын өлең жолдары
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең — еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Балалар, бүгін де еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.
II кезең
Үй тапсырмасын тексеру
Жаттығуды оқыту арқылы тексеру.
III кезең
Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтарын ата.
- Етістіктің түрлерін ата.
- Негізгі етістік дегеніміз не?
- Туынды етістік дегеніміз не?
- Болымды етістік дегеніміз не?
- Болымсыз етістік дегеніміз не?
Етістіктен басқа қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім, сан есім, сын есім)
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар. Біз өткен сыныптардан бастап төрт сөз табымен ғана таныспыз: зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Қалған бес сөз табымен жоғарғы сыныптарда таныса бастаймыз.
IV кезең
Жаңа сабақ: сын есім
Енді сөзжұмбаққа назар аударайық. Бұл сөзжұмбақтың ерекшелігі: мен зат есімдерді айтамын, ал сендер сол заттың түрін, сапасын, түсін білдіретін сөздерді табасыңдар (яғни «қандай?», «қай?» сұрақтарына жауап беретін сөздер).
1
Қой
2
Тон
3
Арқан
4
Көше
5
Жапырақ
6
Тау
7
Қыз
Қызыл жолақтағы сөз
Сын есім
Сын есім туралы біз өткен сыныптардан білеміз. Бүгінгі сабақта осы білімімізді толықтырып, жаттығулар арқылы бекітеміз.
Бағалау тәсілі
Өте жақсы қатысқандар — қызыл дөңгелек, жақсы қатысқандар — көк, орташа жауап — сары.
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын және тақырыпты жазу. Көркем жазу: әдептілік туралы мақал-мәтелдердің бірін дәптерге көшіру.
Әдептілік туралы мақал
«Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала».
Мақалдағы сөздерді сөз құрамына талдау (сыныппен бірге).
Оқулықпен жұмыс
7-жаттығу (ауызша)
Әр зат есімге 3 сын есімБерілген зат есімнің әртүрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім тауып айту.
Тақта
үлкен, төртбұрышты, ұзын
Сәбіз
сары, сопақ, тәтті
Осы сөздердің ішінде геометриялық фигуралар да бар: төртбұрышты, сопақ. Тағы қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
8-жаттығу (тақтада)
Түс • Дәм • ПішінСуреттер бойынша заттардың түсін, дәмін, пішінін білдіретін белгілерін жазу.
| Зат | Сын есімдер |
|---|---|
| Алмұрт | жасыл, тәтті, сопақ |
| Пияз | ақ, ащы, домалақ |
| Жапырақ | жасыл, сары, қызғылт, сопақ |
| Қызғалдақ | қызыл, нәзік |
| Мүйіз | қоңыр, сүйір |
| Лимон | сары, қышқыл, сопақ |
| Анар | қызыл, тәтті-қышқыл, домалақ |
V кезең
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы демалу, назарды қайта шоғырландыру.
9-жаттығу (тақтаға шығып, дәптерге жазу)
Бір затқа бірнеше сын есімСуреттегі зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жазу.
Түлкі туралы қысқаша мәлімет
Түлкі — ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Түсі жирен, сұрғылт сары, кейде ақ та болады. Жүні тығыз әрі жұмсақ, реңі жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Дене тұрқы 70–77 см, салмағы шамамен 6,5 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнде қорегін іздейді. Көбінесе ұсақ жәндіктермен, әсіресе тышқандармен қоректенеді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады; кеміргіштерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді, бірақ құс шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін.
Үлгі
Түлкі: қызғылт, сары, жыртқыш.
Үлгі
Кітап: қызықты, қалың, төртбұрышты.
Үлгі
Өрік: сары, тәтті, жұмсақ.
11-жаттығу (ауызша)
Бақылау • ТалдауСұрақ: Заттардың барлық белгілерін көре аламыз ба?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Алмалар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ерекшеленеді?
Жауап: Көлемі, түсі, дәмі.
Сұрақ: Алманың қай белгісін көре алмаймыз?
Жауап: Дәмін.
Шығармашылық тапсырма
Қарсы мағынадағы сын есімдерді жаз:
Биік — аласа
Жас — кәрі
Ащы — тәтті
Үлкен — кіші
Ыстық — суық
13-жаттығу
РебусРебусты шешіп, шыққан мақал-мәтелді жазу.
Жауабы: «Өтірік сөз өрге баспас.»
Сөздік жұмыс
Өр — тіктеу келген ылдиға қарама-қарсы биіктік; сондай-ақ жоғарғы нысана, мақсат, мүдде.
VI кезең
Бекіту: тест
-
1) Сын есімді тап.
- A) кітап, су
- B) оқыды, жазды
- C) үлкен, жақсы
-
2) Сын есімнің сұрақтарын тап.
- A) қай? қашан?
- B) қандай? қай?
- C) қандай? қайтті?
-
3) Сын есім нені білдіреді?
- A) заттың атын
- B) заттың іс-қимылын
- C) заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін, көлемін
Қорытынды
Бүгін біз сын есім туралы білімімізді толықтырып, жаттығулар арқылы бекіттік.
VII–VIII кезең
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
12-жаттығу, 185-бет.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі дөңгелектер арқылы бағаланады.
Өткізген: 3-сынып жетекшісі Ажиханова И.
Толық нұсқасын жүктеу (мәтіндегі сілтеме ретінде беріледі).