Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем»

Мақсаты

  • Сауат ашу пәні бойынша оқушылардың алған білімін бекіту, оқудағы жетістігін қорытындылау.
  • Оқушылардың өнерін ата-аналарға таныстыру, сахналық мәдениетін дамыту.
  • Әр оқушының әрекеті арқылы икемділігі мен қабілетін ашу, эстетикалық талғамын тереңдету.
  • Өзін-өзі басқаруға, ана тілін сүйіп, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер Плакаттар Слайдтар Шарлар

Мақсат — мерекелік көңіл күй қалыптастырып, оқу жылындағы алғашқы үлкен белесті әсерлі түрде түйіндеу.

Негізгі идея

2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінде әріп танып, оқып-жазуды меңгеріп, сүйікті «Әліппесімен» қоштасуға дайын. Бұл — білімге бастар алғашқы үлкен қадамның қуанышты қорытындысы.

Тілек:

Оқу жылы жемісті, мерейі үстем жыл болсын. Шәкірттерім білімді, елім дейтін ұл мен қыз болсын.

Барысы

Сахнаға атасы немересін жетектеп алып шығады. Көрініс арқылы баланың мектепке деген ынтасы, үлкеннің ақылы мен батасы беріледі.

Автордың сөздері

Жеті жасар баласын

Жетпіске ата жетектеп,

Келе жатыр көшеде:

«Қайда әлгі мектеп?» — деп.

Жеті келеді жүгіріп,

Жетпіс келеді сүрініп.

Немеренің сөзі

Құлақ түрем елеңдеп,

«Мектеп» деген бір үнге.

Жетіге толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам,

Мектепке барам асыға.

Атасының ақылы мен батасы

Мектебің — мынау, сыныбың.

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Ақыл-ойды шыңда, балам,

Уақытты қымбат біл, балам.

Әр сөзіне зейін салып,

Ұстазыңды тыңда, балам.

Мектебіңде үлгілі бол,

Күнделігің «беске» толсын, балам.

Сәт-сапар, балам!

Қош келдіңіздер!

Сәлемдесу

Амансыз ба, алтын күн?

Амансыз ба, тұнық су?

Амансыз ба, көгілдір ашық аспан?

Амансыз ба, жер-ана?

Амансыз ба, қадірлі қонақтар?

Тілек сөз

Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Арайлап атсын әрбір күн.

Аңыз-әңгіме: «Білім еліндегі ағаш»

Оқиға желісі

Күндердің күнінде білім елінде үлкен ағаш отырғызылыпты. Бірақ ол ұзақ уақыт бойы жеміс бермеген екен. Қыркүйектің бірінде №2 орта мектебіне көптеген жас бүлдіршіндер оқуға келеді. Оларды қарсы алған ұстаздары сол ағашты күтіп-баптауды тапсырады.

Сөйтіп, төрт ай уақыт өтеді. Енді сол еңбектің нәтижесін — ағаштың қандай жеміс бергенін — бірге тамашалайық.

Қорытынды өлең

Әліппені бітірді балаларың,

Әліппеден нәр алған даналарың.

Өзі оқып, өзі жазар халге жетті,

Құтты болсын білімі балаларың!

Келесі бөлім

Ендігі кезекті балаларға берейік.