Балалардың жауапттары
Оқу іс-әрекетінің бағыты
- Білім беру саласы
- «Денсаулық»
- Оқу іс-әрекеті
- Валеология
- Тақырып
- Азық-түлік және дәрумендер
Мақсаты
- Пайдалы азық-түліктер, дәрумендер және салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімді бекіту және дамыту.
- Есте сақтау мен ойлау қабілетін арттыру, зейінді шоғырландыру.
Сабақтың басталуы: амандасу
Тәрбиеші балаларды халық даналығымен қарсы алады: «Білер қазақ баласы, сәлем — сөздің анасы». Содан кейін барлығы жылы жүзбен амандасады.
Шағын өлең
Бақшамызға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе, міне мен, Доспын енді сенімен.
Жыл мезгілі туралы әңгіме
Тәрбиеші балаларға күз мезгілі туралы сұрақтар қояды. Балалар күздің белгілерін атап, қорытынды жасайды: салқын күндерде денсаулықты сақтау үшін дұрыс киініп, дәруменге бай тағамдарды жеу қажет.
Негізгі сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күз айлары қандай?
- Күзде ауа райы қалай өзгереді?
- Бау-бақшада қандай өзгерістер болады?
- Суықта ауырмау үшін не істеу керек?
Балалардың жауаптары (қысқаша)
- Күз мезгілі.
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Суық болады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды.
- Жеміс-жидек пен көкөністер піседі.
- Қалың киіну және дәруменге бай тағам жеу.
Өткенді қайталау: тамақтану мәдениеті
Тәрбиеші өткен сабақтағы тақырыпты еске түсіреді: тамақтану мәдениеті және тамақтану ережелері.
Тамақтың құрамында ағзаға қажетті пайдалы заттар болады: дәрумендер, су, май, тұз және т.б.
Бүгінгі тақырып: дәрумендер
Дәрумендерді қайдан аламыз?
- Көкөністерден және жеміс-жидектерден.
- Жемістер мен жидектер — көбіне ағашта өседі.
- Көкөністер — бақшада өседі.
Неліктен олар маңызды?
Жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендер көп. Олар әсіресе өсіп келе жатқан балалар үшін өте қажет: ағзаны нығайтады, суыққа төзімділікті арттырады, сүйектерді қатайтып, бұлшық етке күш береді.
Дәрумен түрлері және тағам көздері
Дәрумендердің бірнеше түрі бар: A, B, C, D, E. Олар күнделікті тұтынатын тағамдардың құрамында кездеседі.
A дәрумені
Қызыл бұрыш, сарымсақ, қызанақ.
B дәрумені
Қияр, қырыққабат, сәбіз.
C дәрумені
Қарақат, лимон, мандарин.
D дәрумені
Алма, алмұрт, пияз, жүзім.
Қорытынды ой
Күн сайын көкөніс пен жеміс-жидекті тұрақты тұтыну — денсаулықты нығайтудың қарапайым әрі тиімді жолы.