Абайдың табиғат лирикасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Әдебиеттік оқу (3-сынып)
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Тақырып
Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Мәнерлеп оқу дағдыларын және лирикалық өлеңдерді талдау шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік

Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдістер

Көрнекілігі

  • Абайдың портреті
  • Нақыл сөздер
  • Буклеттер
  • Абай туралы кітаптар көрмесі

Әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Ойға шақыру
  • Тест
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Түгендеу
II

Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырмалар

  1. Тұрар Рысқұлов туралы мәлімет жинау.
  2. «Бала Тұрар» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.

Талқылау сұрақтары

  • Мұғалімнің аты-жөні кім?
  • Мұғалім неге Тұрардың дәптеріне үңілді?
  • Иван Владимирович дәптерден нені байқады?
  • Тұрар жазған сөздерін қалай түсіндірді?
  • Тақта алдындағы Тұрардың портретін жазушы қалай суреттеді?
  • Иван Владимирович Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты?
  • Бала Тұрардың бойындағы қасиеттерді атаңдар.
  • Тұрарға күлген Айбаровқа мінездеме беріңдер.
III

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Сұрақтар

  • Тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
  • Қандай жыл мезгілдері бейнеленген?
  • Жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдерді білесіңдер?

Күтілетін жауаптар

  • Қыс, жаз, күз, көктем.
  • Абайдың «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Күз» өлеңдері.
  • Бүгінгі тақырып: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы.

Абай туралы мәлімет

Абай Құнанбаев Шығыс Қазақстан өңіріндегі Шыңғыс тауында дүниеге келген. Ол жасынан білімге құштар, зерек болып өсіп, ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыған. Абай өз шығармаларында жастарды өнер-білімге, адал еңбекке, халыққа пайда келтіруге үндейді. Ол — ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы әрі композитор.

Шыққан тегі (шежіре)

Кішік – Әйтек – Олжабай – Қайдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Абай (Ибраһим)

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Абай

Бұл жолдар ақынның өзі өмірден өтсе де, артында мәңгілік мұра — сөз өнері қалатынын білдіреді.

Лирика ұғымы

Лирика — ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз көңіл күйі, күйініші мен сүйінішін бейнелейтін көркем шығарма.

Лириканың негізгі түрлері

  • Философиялық
  • Саяси
  • Махаббат
  • Табиғат

Абайдың табиғат лирикасының ерекшелігі

Абайдың табиғат лирикасы жалаң сипаттамамен шектелмейді: пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, терең мағынаға толы. Оның көктемі — сөгілген бұлт пен ойнаған найзағай; жазы — көкорай шалғын; күзі — дымқыл тұман; қысы — ақ сақалды, қалтыраған шал бейнесі. Самал, сағым, жел, жаңбыр, үскірік пен аяз — бәрі де оқырманға таныс әрі әсерлі суреттер болып жадымызда сақталады.

Топтық жұмыс

Әр топ берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдайды.

1-топ

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

2-топ

«Күз» өлеңін мәнерлеп оқу.

3-топ

«Жаз» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сергіту сәті

Тоғай, тоғай, көп тоғай, Көп тоғайда көп торғай. Тоғай іші қапырық, Демалайық отырып. Орнымыздан тұрайық, Қанатымызды жазайық. Қағып-қағып алайық, Орнымызға қонайық!

Қорытынды

Бұл сабақта оқушылар Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасымен танысып, жыл мезгілдерін суреттеудегі көркемдік ерекшеліктерін байқады. Өлеңдерді мәнерлеп оқу және талдау арқылы табиғатқа сүйіспеншілік, әсемдікті тану дағдылары нығаяды.