Үшінші дыбысты көрсетші
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Әдіскер
А. Килибаева (Балапан балабақшасы)
Сабақтың тақырыбы
«Ұ» дыбысы
Мақсаты
- «Ұ» дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру және дұрыс айтылуын қалыптастыру.
- «Ұ» дыбысын дауыстап, анық әрі дұрыс айтуға үйрету.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін, фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру.
- Логикалық ойлау мен танымдық үдерістерді дамыту.
- Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
- Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- Заттық суреттер: ұшақ, құлпынай, қарбыз, ұлу
- Текшелер (қызыл/көк)
- Айна
Сөздік жұмыс
Негізгі сөз: ұлу
«Ұлу» — үйшігі бар жәндік. Көбіне сулы жерлерде тіршілік етеді.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: «Кәне, балалар, жарты шеңбер жасап тұрайық!»
Сұрақтар: «Осы аптада біз не туралы айтып жүрміз? Қысқа тән құбылыстарды атаңдар.»
Үлгі жауап
«Қыста күн суық болады. Қар жауады.»
Қорытынды: «Жарайсыңдар, орнымызға отырайық.»
II. Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, кеше біз қандай дыбысты әдемі әрі дұрыс айтып үйрендік?
- «Ш» дыбысын бәріміз бірге айтайық.
- «Ш» дыбысын айтқанда еріннің, тістің және тілдің қалпы қандай?
III. Сабақтың тақырыбын хабарлау
Тәрбиеші балаларға тақпақ оқиды. Міндет — жиі естілетін дыбысты анықтау.
Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны,
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді,
Ұлу қашты жөнелді.
Талқылау
- Қай дыбыс жиі естілді? «Ұ»
- «Ұ» дыбысын бірге айтайық: Ұ-ұ-ұ
- «Ұ» дыбысы созылып, әндетіліп айтылады.
- «Ұ» — дауысты дыбыс. Дауысты дыбысты қызыл текшемен белгілейміз.
IV. Дыбыстың артикуляциясын анықтау
Балалар айна алып, «Ұ» дыбысын созып айтады.
Еске салу
«Аузымызбен айтамыз, көзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз».
- Ерін: құбырға ұқсап, алға қарай сүйірленеді.
- Тіс: үстіңгі және астыңғы тістердің арасы ашық болады.
- Тіл: «ұйықтап жатқан мысыққа» ұқсайды.
- Ауа: еркін шығады.
V. Фонематикалық есту қабілетін дамыту
Ойын: «Зейінді бол»
Тәрбиеші дыбыстарды айтады. Балалар дауысты дыбысты естісе — қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естісе — көк текшені көтереді.
Тізбек 1
А, Н, Е, В, С, О, О, О
Тізбек 2
М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
Тізбек 3
М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
Шапалақ тапсырмасы
Тәрбиеші дауысты дыбыстарды айтады. Балалар «Ұ» дыбысын естігенде шапалақтайды.
А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ
VI. Өтіліп жатқан дыбысқа талдау жасау
Балалар қолын алдына қойып, бойын түзу ұстап отырады.
Сұрақ-жауап
- Осы апта бойы не туралы айтып жүрміз?
- Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?
- Көктемде жылы жақтан нелер ұшып келеді?
- «Құстар» сөзінде «ұ» дыбысы бар ма?
Дыбыстық талдау: «құстар»
Сөзді бірге айтамыз: құстар.
Ереже: бір сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буынға бөлу: Құс – тар
- 1-дыбысты белгіле.
- 2-дыбысты белгіле.
- 3-дыбысты ата.
- Соңғы дыбысты ата.
VII. Бекіту
Ойын: «Топтастыр»
Суреттердің ішінен құрамында «Ұ» дыбысы барларын таңдап, іріктейміз.
Талқылау сұрақтары
- Қай суретті таңдадың?
- «Ұшақ» сөзінде «ұ» дыбысы қай орында тұр?
- «Құлпынай» сөзінде «ұ» дыбысы қай орында тұр?
- «Қарбыз» сөзінде «ұ» дыбысы бар ма?
Қорытынды тапсырма
«Ұ» дыбысы сөз басында келетін суретті іліп (орналастырып) қой.
Үлгі
Ұшақ
VIII. Үй тапсырмасы
«Ұ» дыбысы бар 10 сөз ойлап келу.
IX. Қорытынды
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендік?
- «Ұ» дыбысын дұрыс айтуға үйрендік.
- «Ұ» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасадық.