Жеті септік тапсырмасы

Сабақ туралы

Тақырыбы

Көмектес септік

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Талдау

Көрнекіліктері

  • Стикерлер
  • Тірек-сызба

Мақсаты

  1. 1 Көмектес септік туралы білімді кеңейту, септіктер жөніндегі білімді жинақтау.
  2. 2 Тілдік қорды байыту, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
  3. 3 Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баулу және жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақтағы белсенділік стикерлер арқылы бағаланады: дұрыс жауап берген оқушының алдына стикер қойылады, сабақ соңында стикер саны есептеледі. Стикері көп оқушы жоғары баға алады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

85-жаттығу: көмектес септігінде тұрған сөздерді табу.

Топқа бөлу

Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Сабақ бойы сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптар қайталанып, білім жүйеленеді.

Ой шақыру: сұрақтар топтамасы

А тобы

  1. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
  2. Кім? сұрағы қай септікке тән?
  3. -ны, -ні, -ды, -ді қай септіктің жалғаулары?

Ә тобы

  1. Септік жалғаулары дегеніміз не?
  2. Ілік септігінің жалғауларын ата.
  3. Жатыс септігінің сұрақтарын ата.

Б тобы

  1. Септіктің неше түрі бар?
  2. Барыс септігінің сұрақтарын ата.
  3. Жатыс септігінің жалғауларын ата.

В тобы

  1. Зат есім дегеніміз не?
  2. -дан, -ден, -тан, -тен қай септіктің жалғаулары?
  3. Табыс септігінің сұрақтарын ата.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

Жеті ата, қазына, күн, септік.

Бүгінгі жұмыстардың көпшілігі 7 санына байланысты ұйымдастырылады.

Оқулықпен жұмыс: «Жеті ата»

Жеті ата:

ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат

86-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімнің қай септікте тұрғанын анықта.

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.

Хат Астанадан келіпті.

Асыл Жанармен сөйлесті.

Қойдың жүні пайдалы.

Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.

Өзіндік жұмыс — 87-жаттығу: жұмбақты оқып, жатқа айт; шешуін тап. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын айт.

Екі ішек бар далада, Ауылды жалғар қалаға, Қаланы жалғар ауылға. Екі ішекпен зулайды ел Жауында да, дауылда.

«Жеті қазына» және «Жеті күн» тапсырмалары

«Жеті қазына»

88-жаттығу: ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. Септіктің сұрағын және жалғауын ата.

«Жеті күн»

Бір аптада неше күн бар?

Тақтамен жұмыс — 90-жаттығу: берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Үлгі

Гүлзатқа бару

Гүлзатпен бару

Үлгі

Жіпті байлау

Жіппен байлау

Үлгі

Ауылды көру

Ауылдан көру

Үлгі

Қолды жуу

Қолмен жуу

Үлгі

Әнді айту

Әнмен айту

Сергіту сәті: «Дода» ойыны

Екі сан беріледі: 10 және 20. Әр санға сәйкес тапсырмалар орындалады.

А тобы

10 санының сұрағы

Көмектес септігінің жалғауын тап:

  • а) -ға, -ге, -қа, -ке
  • ә) -ның, -нің, -тың, -тің, -дың, -дің
  • б) -мен, -бен, -пен

20 санының сұрағы

Көмектес септіктегі сөз сөйлемде қандай мүше болады?

  • а) тұрлаулы
  • ә) тұрлаусыз
  • б) баяндауыш

Ә тобы

10 санының сұрағы

Сөйлемде атау септік қандай мүше болады?

20 санының сұрағы

Табыс септігінде тұрған сөзді тап:

  • а) жазушыға
  • ә) жазушымен
  • б) жазушыны

Б тобы

10 санының сұрағы

Атау септігінде тұрған сөзді тап:

  • а) мұғалімге
  • ә) мұғалімде
  • б) мұғалім

20 санының сұрағы

Ережені жалғастыр: Зат есімнің септік жалғаулары …

В тобы

10 санының сұрағы

Көмектес септікте тұрған сөзді тап:

Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.

  • а) үйдің
  • ә) қабырғасын
  • б) балшықпен

20 санының сұрағы

Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін септік:

  • а) атау септік
  • ә) барыс септік
  • б) көмектес септік

91-жаттығу

Өлеңді ұйқасымен жаз. Шығыс және көмектес септіктегі сөздерді тап.

Тұмсығымен шымшып, Құрт тереді шымшық. Сылдыр қағып, Таудан құлап, Жатыр ағып, Мөлдір бұлақ.

Ой қорыту: «Жеті септік»

Қазақ тіліндегі септіктер

Қазақ тілінде 7 септік бар:

  • Атау септік
  • Ілік септік
  • Барыс септік
  • Табыс септік
  • Жатыс септік
  • Шығыс септік
  • Көмектес септік

Ойын: «Көбелектерді гүліне қондыр»

Сәйкестендіру арқылы орындалады: әр көбелек тиісті гүліне қонып, септік сұрағы мен жалғауы дұрыс жұптастырылады.

Бұл бөлімде оқушылар септіктерді сұрағымен, жалғауымен және сөйлемдегі қызметімен байланыстырып, жылдам қайталайды.

Қорытынды бөлім

IV. Сабақты қорытындылау

Өткен тақырыптар бойынша негізгі ұғымдар жинақталып, қорытынды жасалады.

V. Бағалау

Стикерлер саналып, оқушының белсенділігіне сай баға қойылады.

VI. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы сынып деңгейіне сай беріліп, келесі сабаққа дайындық жасалады.