Қазақстанда тұнғыш жоғары оқу орны
Тарихи диктант (9-сынып): Қазақстан тарихы (ХХ ғасырдың 20–80 жж.)
Орны: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы
Пән: Қазақстан тарихы
Мұғалім: тарих және география пәнінің мұғалімі Нұрлыбек Раисұлы Күлкашев
Нұсқаулық
Бос орындарға тиісті сөздерді немесе сандарды қойып, тапсырманы толықтырыңыз.
-
1. ____________ жылы сәуірде Қазақ АКСР-да ________________________________ жою қоғамы ұйымдастырылды.
-
2. 1931 жылы желтоқсанда ____ жастан ____ жасқа дейінгі ________________ еңбекші халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді.
-
3. 1921–1927 жылдары республикада ________________ адам оқыды.
-
4. ____________ жылы республика халқының сауаттылығы 65%-ға, ал қазақ халқының сауаттылығы ____%-ға жетті.
-
5. Соғыс қарсаңында мұғалімдер саны ________________-нан асты.
-
6. ____________ жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны — ________________________________ педагогикалық институты ашылды.
-
7. 19__ жылы жазылған С. Сейфуллиннің тарихи романы ______________________________________________ 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты шынайы бейнелейді.
-
8. ______ ж. Парижде және 1927 ж. Майндағы Франкфурт қаласында әйгілі әнші ____________________________ қазақтың атын әлемге паш етті.
-
9. 1926 ж. ________________ қаласында ұлттық тұңғыш қазақ театры ашылды. Бас режиссері: ________________.
-
10. Театр сахнасында қойылған алғашқы шығарма — ________________________________.
-
11. ____________ жылы «Ленфильм» киностудиясы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі — ____________________________ фильмін шығарды.
-
12. 1 маусым 1946 жылы ______________________________________________ ашылды. Алғашқы президенті — академик Қ. И. Сәтпаев.
-
13. Қазақстанның ____-ге жуық жазушысы мен ақындары соғыс майдандарында шайқасты.
-
14. Жамбылдың ________________________________ өлеңінің маңызы Ұлы Отан соғысы кезінде бүкілодақтық дәрежеге көтерілді.
-
15. 1949–1954 жж. аралығында Қазақстан КП(b) ОК-нің 1-хатшысы ________________________________ болды.
-
16. Дарынды тарихшы, жас ғалым, «Қазақстан XIX ғ. 20–40 жж.» еңбегінің авторы — ________________________________.
-
17. ________________________________ — өзгеше ойлайтын, өз Отанына да, халқына да жат адам.
Ескерту
Жауаптарды толық әрі нақты жазыңыз: қажет жерде жылды, санды, қала атауын немесе тұлға есімін көрсетіңіз.