Наурыз - жаңа күн деген сөз
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық тобының мұғалімі — Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Наурыз — жаңару мен берекенің мерекесі
Мақсаты
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін таныту және оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Нақыл және қанатты сөздер
- Киіз үй жабдықтары
- Дастархан
Форматы
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ертеңгілік: жүргізуші сөзі және балалардың мерекелік өлеңдері.
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойы келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн — ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні атанған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Армысыңдар, халайық, бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай, жылда қарсы алайық!
Ендеше балалардың Наурыз мерекесіне арнаған өлең жолдарына кезек береміз.
Балалардың мерекелік өлеңдері
1. Аяулым
Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді — жыл басы. Шуақ төкті жарқын күн, Мейрамында халықтың.
2. Аруна
Наурыз тойы — салтымыз, Көгерсін деп халқымыз, Көшеге тал егеді.
3. Салтанат
Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын. Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар.
4. Адия
Кел, балалар, ойнайық, Наурыз тойын тойлайық. Баянды болып мереке, Қыр гүліндей жайнайық.
5. Ернұр
Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде, Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз.
6. Оралбек
Жаңбыр жауып басылды, Күлімдейді көкте күн. Кемпірқосақ асылды — Өрнегіндей көктемнің.
7. Ақмәди
Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау-бақшада, орманда Құстар әні төгілді.
8. Б. Санжар
Қар еріді, су ақты, Күндер келді шуақты. Байтақ дала келбеті — Түкті кілем сияқты.
9. Г. Бекзат
Құтты болсын Наурызым, Арманымыз — әніміз. Наурызды қарсы алып, Қуанамыз бәріміз.
10. Мағжан
Мерекенің байрағын Алды халқым қабылдап. Ақ дастархан жайылды, Ошақта от жалындап.
11. Елсултан
Наурыз, Наурыз — жыл басы, Жасыл көктем құрдасы. Төл мереке, кел, мереке!
12. Аиша
Түрлі-түсті әшекей Гүлдер шықты жайнап. Қызыл-жасыл аймақ Қырға шықты ойнап.
13. Камилла
Наурыз келді құт болып, Мына бізге сүт болып. Аққа аузымыз толады, Бар жақсылық болады.
14. Бақтияр
Наурыз — бабамның сөзі, Наурыз — анамның сөзі. Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі.
15. Мирхат
Уа, ағайын-туысқан, Наурыз күні туды шығыстан. Сол тойға келдім шақырып, Ат терлетіп алыстан.
16. Дильназ
Көктемім төкті нұрын, Көңілден кетті мұңым. Кел, достар, ән шырқайық — Ұлыстың ұлы күні!
17. Аделья
Ақ түйе қарны жарылды, Наурызды елім сағынды. Асықсаң сен де осы тойға — Барлық жұрт мұнда ағылды.
18. Қ. Санжар
Ән де саған, би де саған, Құт-қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлап еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде!
19. Анель
Ашылды да кебеже, Дәм әзірлеу басталды. Әжем Наурыз көжеге Жеті түрлі ас салды.
20. Мансур
Осындай көп жақсылық Алып келген Наурызым, Төрлет бізге нұр беріп, Шуақ шашып ақ жүзің.
Ескерту
«Толық нұсқасын жүктеу» деген жол бастапқы мәтінде берілген. Бұл бетте мазмұн толық ұсынылды.