Дайын сызбалармен ауызша есептеулер

Сабақ туралы

Пән

Геометрия (8-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Параллелограмм ауданы

Сабақтың түрі

Сарамандық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тік төртбұрыштың ауданы туралы білімді қайталау арқылы бекіту.
  • Параллелограмм ауданының формуласын қорытып шығару және оны есеп шығаруда қолдана білу.

Дамытушылық

Оқушыларды ойлауға, пайымдауға, шешім қабылдауға үйрету және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
  • Адамгершілік пен жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге, мейірімділікке және сөйлесудегі ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Компьютер

    Слайдтар, тапсырмалар

  • Параллелограмм макеті

    Құрастыру, салыстыру

  • Презентация

    Көрнекі түсіндіру

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Дайын сызбалармен ауызша есептеулер
  3. Практикалық жұмыс
  4. Теореманы дәлелдеу
  5. Есептер шығару
  6. Үйге тапсырма
  7. Сабақты қорытындылау

Ауызша есептеулер (дайын сызбалармен)

(8–12-слайдтар)

Қайталау сұрақтары

  • Фигураның ауданы ұғымына қатысты қандай аксиомаларды білесіңдер?
  • Тік төртбұрыштың ауданын қалай есептейді?
  • Шаршының ауданы неге тең?
  • Тік төртбұрыштың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Қолданбалы есептер

  • Берілген пішіндегі тұрғын үйдің ауданын табыңдар.
  • Бақшаның ABCD бөлігінe картоп егілген. Оның ауданы 48. Барлық бақшаның ауданын табыңдар.
  • ABCD учаскесінің ауданы 50 м². Жердің бір бөлігі құнарсыздануына байланысты өнім бермегендіктен, иесі учаскенің пішінін өзгертті. Нәтижесінде ABF учаскесі пайда болды. Жаңа учаскенің ауданы қандай?

Салыстыру тапсырмасы

Екі фигураны салыстырып, олардың аудандарын есептеңдер. Аудандары тең бе? (12-слайд)

Жаңа тақырыпқа өту: параллелограмм

Негізгі ұғым

Бірінші фигура қалай аталады? Параллелограммның анықтамасын және оның қасиеттерін еске түсірейік.

Параллелограммның биіктігі

Параллелограммның ауданын есептеу үшін оның екі негізгі элементін қарастырамыз: табаны және биіктігі.

Параллелограммның бір қабырғасын табаны деп алсақ, осы табанға қарама-қарсы қабырғаның кез келген нүктесінен табанға түсірілген перпендикуляр биіктік деп аталады.

Негізгі идея: параллелограмм ауданы табан мен соған сәйкес биіктікке тәуелді.