Көбейту амалының компоненттерін ата

Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп (ММ)

Дайындаған: Сағындықова Роза • Пәні: Математика • Сынып: 3-сынып

Сабақтың тақырыбы

Қайталау: кестелік көбейту және бөлу. Есеп шарты бойынша теңдеу құру және оны шешу.

Сілтеме (оқулық)

Математика оқулығы, Атамұра, 2014 ж. (3-сынып).

Авторлар

Т. Қ. Оспанов, Ш. Х. Құрманалина, Ж. Т. Қайыңбаев, Б. М. Қосанов, К. Ә. Ерешева, М. В. Маркина.

Сабақтың мақсаты

  • Өтілген тақырыптар бойынша есептерді тиімді, сауатты және жылдам орындауға баулу.
  • Көбейту мен бөлудің кестелік жағдайлары және қалдықпен бөлу туралы білімді кеңейту.
  • Оқушылардың ойын толық жеткізуіне жағдай жасап, жан-жақты ақпарат алу дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Ойлау дағдылары

Логикалық ойлау мен танымдық қабілеттер артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Ынтымақтастық

Топпен және жұппен жұмыс істей білу, топтағы өзара оқытуды ұйымдастыру арқылы түрлі пікір қалыптастыру дамиды.

Сөйлеу мәдениеті

Оқушылар өз пікірін толық жеткізіп, пікір алмаса алады; ойды жүйелі айтуға үйренеді.

Түйінді идеялар

  • Көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
  • Сауатты болуға, нақты әрі толық жауап беруге дағдыландыру.

Ресурстар

Интерактивті тақта Үлестірмелі тапсырмалар Түрлі түсті стикерлер A3 парақтар Маркерлер Смайликтер

Қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Топтық жұмыс арқылы оқыту.

АКТ пайдалану

Электрондық оқулықпен жұмыс.

Сыни тұрғыдан ойлау

«Миға шабуыл» әдісі.

Бағалау және рефлексия

Рефлексия, постер дайындау, кластер әдісі.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушыларға сабаққа белсенді қатысудың маңызын еске салып, ынталандыру сұрағын қояды.

II. Мұғалім сөзі

«Жақсы сөз жанды жадыратады». Бір-бірімізге алақанымызды беріп, жан жылуымызды сыйлайық. Бүгінгі математика сабағында барлығыңа сәттілік тілеймін!

III. Үй тапсырмасын тексеру

7-есеп (81-бет). Тапсырма топтық оқыту арқылы тексеріледі.

1-топ

  • 54 : a = 6 a = 54 : 6 = 9
  • a : 8 = 5 a = 8 · 5 = 40
  • 54 : 9 = 6 40 : 8 = 5

2-топ

  • 7 · a = 49 a = 49 : 7 = 7
  • 28 : a = 4 a = 28 : 4 = 7
  • 7 · 7 = 49 28 : 7 = 4

3-топ

  • 8 · x = 56 x = 56 : 8 = 7
  • x : 4 = 36 x = 36 · 4 = 144
  • 7 · 8 = 56 144 : 4 = 36

Топқа бөлу: қима қағаздар арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

IV. Жаңа сабақ

Тақырыпты бекіту «Кім жылдам?» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

«Кім жылдам?» тапсырмалары

  1. Көбейту кестесін айту (көрсету).
  2. Көбейту амалының компоненттерін ата.
  3. Бөлу амалының компоненттерін ата.
  4. Көбейтудің неше заңы бар?
  5. Өрнектерді оқып, мәнін тап.

Өрнектер

20 : 5 = 4
6 · 4 = 24
24 : 6 = 4
8 · 5 = 40
6 · 2 = 12
18 : 3 = 6