Баласының баласы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Аңдар туралы мәлімет беру. Оқушылардың білімін тереңдету, жүйелеу және ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру.
Дамытушылық
Сөздік қорды молайту арқылы байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сауатты жазуды қадағалап, жетілдіру.
Тәрбиелік
Қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні бар әңгімелер арқылы жануарларға сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Суреттер
- Интерактивті тақта
- Сөздіктер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Топпен жұмыс
Эпиграф
Мал төлімен жарасар,
Жер гүлімен жарасар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу және психологиялық дайындық
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар:
- Сәлеметсіз бе, Күн!
- Сәлеметсіз бе, Жер-ана!
- Сәлеметсің бе, досым!
- Сәлеметсіз бе, мұғалім!
Оқушыларды түгендеу, сынып кезекшісімен қысқаша сұхбат, сабаққа психологиялық тұрғыдан даярлау.
Өзімізді ерекше таныстыру
Бүгінгі сабақ ерекше болғандықтан, әркім өзін жағымды қасиетімен таныстырады.
Мұғалім: Мен мейірімді мұғаліммін.
Мен ақылды Аринамын.
Мен сүйікті Эдгармын.
Мен әдепті Диаспын.
Мен мықты Радикпын.
Мен тиянақты Пашамын.
Мен аяулы Викториямын.
Мен айдарлы Андреймін.
Мен айбынды Кириллмін.
Мен көрікті Софьямын.
Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім: Ақылды Арина, үйге қандай тапсырма берілді?
Арина: «Менің сүйікті спортшым» тақырыбында әңгімелеу.
Мұғалім: Әдепті Диас, сен қандай спортшы туралы жаздың?
Тақырыппен жұмыс
Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы анықтаймыз.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1. «… байдың — елі бай» мақалдың басын жаз.
- 2. Киіз үйдің негізгі бөлшегі.
- 3. Баласының баласы.
- 4. ҚР рәмізі.
- 5. ҚР тұңғыш президенті.
- 6. Қазақ жеріндегі көне қалалардың бірі. Ежелгі атауы — Фараб.
- 7. Бағалы металл.
- 8. 1929–1997 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала.
- 9. Қазақ халқының ұлттық аспабы.
Қорытынды
Сұрақ: Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Жауап: Жануарлар.
Бүгін жануарлар туралы айтамыз: олардың адамға және табиғатқа қандай пайда әкелетінін, немен қоректенетінін және оларды қалай қорғау керектігін талқылаймыз.
Сөз сыры
Жаңа сөздерді меңгеріп, дұрыс айтуға және сөйлем ішінде қолдануға дағдыланамыз.
ақбөкен
сайгак, антилопа
арқар
архар
марғау
котенок
күшік
щенок
торай
поросенок
құлын
жеребенок
сарышұнақ
суслик
пір
дух, божество
жабайы
дикиe
үй жануарлары
домашние животные
қорек
пища
Жануарлардың түрлері
Сұрақ: Жануарлардың қандай түрлері бар?
Жауап: Екі түрі бар: жабайы және үй жануарлары.
Енді оқушылар суреттер арқылы екі топқа бөлінеді: жабайы жануарлар және үй жануарлары.