Солтүстік Американың байырғы халықтары

Сабақтың тақырыбы

Солтүстік жарты шардың материктерін қайталау.

Сабақтың мақсаты

А. Солтүстік жарты шар материктері тарауы бойынша алған білімдерін толықтыру, қорытындылау, бір жүйеге келтіру.

Ә. Оқушылардың карта және кескін карталармен жұмыс істеу біліктіліктерін арттыру, ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін қалыптастыру.

Б. Оқушыларды алға қойған мақсатқа жетуге, шапшаң әрі өз бетінше тапсырманы орындай білуге дағдыландыру.

Сабақ өту әдісі

Ойын сабағы.

Көрнекілігі

Карта, кескін карталар, суреттер, кесте және т.б.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Солтүстік жарты шар материктері тарауын қорытындылай отырып, оқушылардың карта және кескін карталармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында сабақты ойын түрінде өткіздім. Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Гималай» және «Кордильера». Сабақ 6 кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Жүйрік болсаң — озып көр»

Ереже: 1 минутта 10 сұрақ. Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.

Еуразия бойынша сұрақтар

  1. 1Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүкте: Челюскин.
  2. 2Еуразия материгін қоныстану қай жерден басталды: Жерорта теңізі маңынан.
  3. 3Арабия түбегінің ауданы: 3 млн км².
  4. 4Азияда халық саны жөнінен бірінші орындағы ел: Қытай.
  5. 5Ең ыстық, құрғақ климаттық белдеу: тропиктік.
  6. 6Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау: Ключи шоқысы.
  7. 7Дүние жүзінде ауланатын балықтың 39%-ы қай мұхитқа тиесілі: Атлант мұхиты.
  8. 8Меконг өзені қай алапқа жатады: Тынық мұхит алабы.
  9. 9Еуропаның «сүт фермасы» аталатын ел: Дания.
  10. 10Ұлы Жібек жолы қай елден басталған: Қытай.

Солтүстік Америка бойынша сұрақтар

  1. 1Гренландия аралының ауданы: 2 176 000 км².
  2. 2Материктің ең ыстық жері: Өлім аңғары.
  3. 3Солтүстік Америкада даланы қалай атайды: прерий.
  4. 4Ұлы көлдер: Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио.
  5. 5Солтүстік Американың байырғы халықтары: үндістер мен эскимостар.
  6. 6Солтүстік Америкада қай климаттық белдеу кездеспейді: экваторлық.
  7. 7Йеллоустон ұлттық саябағы ашылған жыл: 1872.
  8. 8АҚШ-тың автомобиль астанасы: Детройт.
  9. 9Солтүстік Американың ең биік нүктесі: Мак-Кинли (Денали).
  10. 10Флинт-Мамонт үңгірі орналасқан тау: Аппалач.

2-кезең: «Саяхатшылар»

Еуразия

  • П. П. Семенов — Тянь-Шань өңірін зерттеген, Тянь-Шаньның ең биік шыңы Хантәңірі туралы деректер қалдырған.
  • Ш. Уәлиханов — Тянь-Шань мен Орталық Азия бағытындағы зерттеу сапарларымен танымал.
  • Н. М. ПржевальскийТибет аймағын, Гоби шөлін, Лобнор көлін зерттеген.
  • Васко да Гама1498 жылы Калькутта портына жеткен.
  • Афанасий Никитин — «Үш теңіздің ар жағына саяхат» еңбегімен белгілі.

Солтүстік Америка

  • Генри ГудзонXVII ғасыр.
  • Джон КаботXV ғасыр.
  • Руаль АмундсенXX ғасыр.
  • В. Беринг және А. Чириков1741 жыл.
  • Х. Колумб1492 жыл.

Ескерту: Бұл кезеңде оқушылар саяхатшыларды олардың зерттеген аймақтары мен тарихи деректері бойынша сәйкестендіреді.

3-кезең: «Білімді мыңды жығар»

Климат тақырыбына байланысты географиялық есептер шығарамыз.

«Гималай» тобына тапсырма

Ұшақ қанатындағы ауа температурасы 30° көрсетті. Осы кезде жер бетіндегі температура 24° болса, ұшақ қандай биіктікке көтерілген?