Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары
Сабақтың тақырыбы
Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдарының әрқайсысымен таныстыру және оларды бейнелерді өңдеу кезінде қолдануды үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа және белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақ ресурстары мен әдістері
Көрнекіліктер
- Компьютер
- Жұмыс дәптері
Сабақ әдістері
- Түсіндіру
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
Сабақ барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу.
-
2) Үй жұмысын тексеру
Алдыңғы сабақ бойынша тапсырмаларды тексеру, сұрақтарға жауап алу.
-
3) Өткен сабақты қайталау
1. Adobe Photoshop не үшін арналған?
Растрлық графиканы құру және өңдеу үшін арналған.
2. Растрлық бейнелеу дегеніміз не?
Өте ұсақ элементтерден — пиксельдерден тұратын бейнелеу. Әр пиксель бір-бірінен тәуелсіз болады.
3. Жаңа құжатты қалай ашамыз?
Файл → Новый (New) → Имя (Name).
Жаңа сабақ: Photoshop палитралары
Photoshop-та көптеген операциялар палитралардың көмегімен орындалады. Экранда орын үнемдеу үшін палитралар топтарға біріктіріледі.
Палитралар топтары
Навигация, Информация, Цвет, Образцы, Стили, История, Действия, Набор инструментов, Слои, Каналы, Контуры, Шрифт, Абзац.
Палитраны қалай ашуға болады?
Қажетті палитраны ашу үшін Окно (Window) командасын таңдаңыз.
Цвет (Color)
Түстерді таңдауға және араластыруға арналған. Таңдалған түстер сурет салу және өңдеу құралдарымен жұмыс барысында қолданылады.
Образцы (Swatches)
Дайын түстер жиынтығынан таңдау жасауға мүмкіндік береді. Палитраға жеке үлгілерді қосуға немесе қажетсіздерін алып тастауға болады.
Стили (Styles)
Алдын ала орнатылған эффектілерді немесе олардың комбинацияларын жылдам қолдануға арналған.
Информация (Info)
Курсор тұрған аймақтағы пиксельдің түстік компоненттерін көрсетеді. Сондай-ақ түстік үлгілер туралы ақпаратты (ең көбі 4) береді.
Слои (Layers)
Жаңа бейне құрғанда оның фоны әдетте прозрачный (мөлдір) болмайды. Layers палитрасы қабаттардың орнын ауыстыруға, біріктіруге, көшіруге, көрсетіп/жасыруға, жоюға және жаңа қабат қосуға мүмкіндік береді.
Әр қабатты басқа қабаттарға әсер етпей-ақ жеке өңдеуге болады.
История (History)
Бейнені өңдеу барысында орындалған бір немесе бірнеше әрекетті болдырмауға мүмкіндік береді. Әр операция тізімге тіркеліп отырады, ал ең төмендегі әрекет — ең соңғы орындалған қадам.
Қорытынды және бекіту сұрақтары
- 1 Adobe Photoshop не үшін қажет?
- 2 Adobe Photoshop қандай графика түріне жатады?
- 3 Adobe Photoshop-та қандай негізгі түстер бар?
- 4 Палитра құралдарын атаңыз.
Үйге тапсырма
Оқу
Лекция бойынша оқу.
Практика
Фотосуреттерді сканерден өткізіп, келесі сабаққа алып келу.