Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру
Кештің жүргізуші сөзі
Тәрбиелік мәні бар мерекелік кеш сценарийі
Сәлемдесу
Армысыздар, ұстаздар, балдырғандар! Болашақтың жұлдызы биік самғасын. Білімпаз болып, әрқашан май күніндей нұрлы жүзбен жадырай беріңдер.
Құтты болсын мерекең, қуанышың,
Орындалсын арман-тілек сұранышың.
Таусылмасын ырыздық-несібең,
Бүгінгі жігіттерге қол соғыңыздар!
Таныстыруға кезек
«Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы. Танисың ба сен бізді — біз қазақтың баласы!» — деп ақын ағаларымыз жырлағандай, таныстыруға кезек берейік.
Үзіліс: қыздардың биін тамашалаңыздар.
Қазақ жігітінің келбеті
Көсем жігіт
Ел басқаратын, жол көрсететін жігіт.
Шешен жігіт
Дау шешетін, сөзге тоқтайтын жігіт.
Батыр жігіт
Еліне қорған, жұртына қамқор жігіт.
Сері жігіт
Аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
Олай болса, сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
Күш сынасу
Ер өнері білінбес — қоян-қолтық алыспай,
Күш өнері білінбес — бәйгеге түсіп жарыспай.
Ендеше, жігіттеріміздің күшін сынайық.
Қолөнер шеберлігі
Жігіттің көркі — өнері,
Талап — кісінің мұраты.
Өнер қалар артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Ендігі кезекті қолөнерге берейік.
Үзіліс: келесі қыздар биі.
Сұрақ-жауап: ой ұшқырлығы
Ей, жігіттер! Биік ата-салтты құрметтеп, ата-баба үмітін ақтай білсеңдер — әрбір сөздерің тәлімі мол бір мектеп. Өнерлеріңізді, мергендіктеріңізді тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салайық.
Сұрақтар
- «Доп» сөзінің ортасында не бар?
- Үстел үстінде 3 стакан су тұр. Әлия бір стакандағы суды ішіп қойды. Неше стакан қалды?
- Теректе 5 алмұрт өсіп тұр. 2 алмұрт түсіп қалды. Неше алмұрт қалды?
- Бір бала мектепке бара жатқанда оң жағында 20 үй болды, қайтқанда сол жағында 20 үй болды. Барлығы неше үй?
- «Темекі» деген сөзді буынға бөліп айт.
- Боранда тау ық бола ма?
- Жігітке неше өнер аз?
- Жақсы жігіт ненің көркі?
- Біздің сыныбымызда неше орындық бар?
- H2O нені білдіреді?
- От басында құмған, екі көзін жұмған. Жұмбақтың шешуін тауып, дауыстап айт.
- Ерте тұрады, жар шақырады. Жұмбақтың шешуін тап.
Қызықты ойындар
Алма тістеу
Ойын шарты: ілініп тұрған алманы қолға тигізбей жеу керек.
Орындыққа отыру
Ойын шарты: әркім өз орындығын тауып отыруы керек.
Қорытынды
Құтты болсын бүгінгі мерекелерің!
Орындалсын әрбір мақсат-армандарың.
Әрқашанда жүздеріңнен күлкі кетпей,
Сабақтарыңды тек жақсыға оқыңдар!
Кешімізді аяқтап, сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Кешімізді бимен аяқтайық.