Ғажайып сандар

Тақырыбы

Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы.

Типі: жаңа білімді меңгерту Технологиясы: тірек-сызба

Мақсаты

1) Негізгі білімді қалыптастыру

Оқушыларға тұқымның құрылысы, даражарнақты және қосжарнақты тұқымдардың ерекшеліктері туралы мәлімет беру; зертханалық жұмыс арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

2) Ойлау мен белсенділікті дамыту

Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін және шапшаңдығын дамыту; өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын нығайту.

3) Тәрбиелік мақсат

Білімділікке, жауапкершілікке және өздігінен еңбектенуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар

Сабақ барысында тұқым құрылысы мен жеміс түрлерін салыстырып, бақылауға мүмкіндік беретін материалдар қолданылады.

Көрнекілік материалдар

  • Жемістердің әртүрлі үлгілері
  • Тұқым жинақтамалары
  • Жеміс түрлері бейнеленген плакат-таблицалар
  • Бидай (даражарнақты) және үрмебұршақ (қосжарнақты) тұқымдарының құрылысы көрсетілген кесте

Зертханалық құралдар

  • Ұлғайтқыш әйнектер
  • Жібітілген үрмебұршақ тұқымдары
  • Табақшалар

Қосымша материалдар

  • Кеспе қағаздар
  • Ұстара

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу және сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Жемістер» тақырыбы бойынша оқушылардың білімі тексеріледі. Тексеру «Ғажайып сандар» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

«Ғажайып сандар» ойыны

Тақтаға төмендегі ұғымдар жазылады. Әр санға сәйкес сұрақтар бекітіледі. Мұғалім сұрақтарды оқиды, оқушылар тақтадағы сөздерден дұрыс жауапты тауып, сол жауаптың тұсына тиісті санды орналастырады.

  1. 1. Жеміс
  2. 2. Ұрықтану
  3. 3. Тозаңдану
  4. 4. Гүлшоғыр
  5. 5. Гүлсерік
  6. 6. Аналық

Қосымша тапсырма

Шырынды және құрғақ жемістер тақырыбы бойынша тапсырмалар орындалады.