Табақ саны қанша
№105 мектеп
Интеллектуалды олимпиада: математика пәні
Математика пәнінің мұғалімі: Жорықбаева Индира.
Білімділік мақсаты
Оқушыларды тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісінің логикалық құрылымын меңгерту; ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөйлеу мәнерін және ынтасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I бөлім
Кіріспе
- Кіріспе сөз.
- Қазылар алқасын сайлау.
II бөлім
Негізгі бөлім
Ойын 4 турдан тұрады. Әр турдың шарты мен ұпайлау жүйесі алдын ала таныстырылады.
III бөлім
Қорытынды
- Қорытынды сөз.
- Жеңімпаздарды марапаттау.
Олимпиада шарттары және ұпайлау
1-тур: Таныстыру
20 ұпайЕкі топ өздерін таныстырады. Әр топқа 20 ұпай беріледі.
2-тур: «Иә» немесе «Жоқ»
20 ұпайБерілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.
3-тур: Ұяшық таңдау
30 ұпайКоманда ұяшықтардың бірін таңдап, берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай.
4-тур: Ставка
± ұпайӘр топ өз ставкасын қояды: жауап дұрыс болса ұпай қосылады, қате болса шегеріледі.
Салтанатты бөлім (жүргізушілер сөзі)
Салтанат: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Аманғали: Ойын шарттарымен танысып алыңыздар.
Салтанат: Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Аманғали: Бірінші турға кезек берейік: екі топ өздерін таныстырсын.
2-тур сұрақтары: «Иә» / «Жоқ»
Әр тұжырымға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріледі.
1-топқа
- Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең.
- Екі вектор бір түзудің бойында немесе параллель жатса, мұндай векторлар коллинеар векторлар деп аталады.
- Үшбұрыштың ауданын табу формуласы: S = ah.
- 1 радиан 180 градусқа тең.
- Сүйір бұрыштың синусы — осы бұрышқа іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
- Бір қабырғасы ортақ, ал басқа екі қабырғалары бір-бірінің созындысы болатын екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
2-топқа
- Тікбұрышты үшбұрыштың үлкен қабырғасы — гипотенуза.
- Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.
- Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.
- Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады.
- Үшбұрыштың төбесін оған қарама-қарсы қабырғаның ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады.
- Үшбұрыштың барлық төбелері арқылы өтетін шеңбер осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер деп аталады.
3-тур: Ұяшықтағы сұрақтар
Дұрыс жауап үшін 30 ұпай беріледі. Команда ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді.
1-ұяшық
Ортаазиялық ғалым, теңдеулерді шешу тәсілдерін баяндайтын кітап жазған ғалым кім?
Әл-Хорезми
2-ұяшық
«Бастамалар» («Негіздер») атты кітаптың авторы кім?
Евклид
3-ұяшық
Координаталық жүйені алғаш рет қолданған француз ғалымы кім?
Рене Декарт
4-ұяшық
c² = a² + b² формуласын дәлелдеген ғалым кім?
Пифагор
4-тур: Ставка қою тапсырмалары
Бұл турда әр топ өз ставкасын белгілейді: жауап дұрыс болса ұпай қосылады, қате болса шегеріледі.
Есеп 1
Біреу алты жылқысына күн сайын 10 қадақ сұлы береді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге — 3 қадақ, құнандарға — 2 қадақ, тайға — 1 қадақ. Сонда бие, құнан, тай нешеу болған?
Жауабы
Бие — 1, құнан — 2, тай — 3.
Есеп 2
Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Үшеуі өз алдына отау тігіп кетеді. Ақсақал кенже ұлын үйлендіріп, алдына бес саулық бермек болады. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, әр үйдегі қой саны 41 бас екенін біледі. Кейін оларды шақырып алып: «Әрқайсың қойларыңды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер», — дейді. Үш жігіт бөлінбей қалған қойларын береді. Сонда үшеуінің біреуі: «Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті», — дейді. Үшеуінің қойлары бастапқыда қанша болған?
Жауабы
13, 14, 14.
Есеп 3
Бір меймандос адамның үйіне достары келіп, шай ішеді. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды санап, жұбайына: «Екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады. Енді не істейміз?» — дейді. Бұл үйде мейман саны қанша? Табақ саны қанша?
Жауабы
Мейман — 12, табақ — 5.
Есеп 4
Ертеде бір жарлы жігіт байға жалданып жүріп, біраз ешкі жинайды. Үлкен ешкілер саны тушалардан 2 есе, ал шыбыштар тушалардан 3 есе көп. Көктемде шыбыштар бірден, тушалар егізден, ал үлкен ешкілер үштен лақ табады. Лақтарымен қосқандағы жалпы саны 64-ке тең. Алғашында қанша шыбыш, қанша туша, қанша ешкі болған?
Жауабы
Ешкі — 4, туша — 8, шыбыш — 12.
Есеп 5
Бір топ қаз ұшып келіп қонады. Бастаушы қаз жалғыз қазға: «Ассалаумағалейкум!» — дейді. Сонда жалғыз қаз: «Сәлеметсіздер ме, сіздер нешеусіздер?» — деп сұрайды. Бастаушы қаз: «Біз — бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының жартысын және өзіңді қоссақ, 100 боламыз», — дейді. Қаз нешеу?
Жауабы
36 қаз.
Есеп 6
Шаруа себетпен базарға жұмыртқа әкеле жатып, бір атты адамның соғып кетуінен жұмыртқаларының көбі жарылып қалады. Атты адам: «Неше жұмыртқа әкеле жатыр едің?» — дейді. Шаруа: «Нақты санын білмеймін, бірақ 2-ден, 3-тен, 4-тен, 5-тен, 6-дан бөліп шыққанда 1 жұмыртқа артық қалады, ал 7-ге бөлгенде қалдықсыз бөлінеді», — дейді. Себетте неше жұмыртқа болған?
Жауабы
301.
Қорытынды
Аманғали: Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.
Жүргізушілер: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!