Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы

Сабақтың тақырыбы

Ағаш материалдарының қасиеттері.

Сабақтың мақсаттары

Жалпы мақсат

Халық өнерінің теориясы мен тарихын ескере отырып, оқушылардың сұлулықты түсіну қабілетін дамыту және эстетикалық тәрбие беру.

Білімділік мақсаты

Ағаш түрлерін ажыратып, олардың негізгі қасиеттерін білу.

Дамытушылық мақсаты

Ойлау мен қиял арқылы шығармашылық қабілеттерді және әсемдік сезімін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Табиғаттың сұлулығы мен байлығын бағалай отырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Таным сабағы
Сабақтың әдістері
Миға шабуыл, түсіндіру, жеке және топтық жұмыс
Көрнекілігі
Слайдтар, суретті кестелер
Қажетті құрал-жабдықтар
Жыңғыл бұталары, пышақ, зімпара қағаз
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, тарих, бейнелеу өнері

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

II. Қызығушылықты ояту

Оқушылар орман туралы бейнеролик көреді. Көріп болған соң, дәптерлеріне бейнероликте байқалған ағаш түрлерінің атауларын жазады.

Сұрақ

Ағаштың қандай пайдасы бар?

Ағаштан жиһаз, баспана жасалады; ол көлеңке береді; даланы және егістікті желден, суықтан қорғайды.

III. Мағынаны тану

Ағаш — табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Орман-тоғай — жан-жануарлардың, құстар мен жәндіктердің тіршілік ететін табиғи ортасы. Ертеде тоғай адамзат үшін негізгі тұрақ мекеннің бірі болған.

Алғашқы адамдар ағашты тіршілікке қажет материал ретінде кең қолданды: аң аулауға арналған құрал-саймандарды (таяқ, ұшталған ағаш, найза, қада, жебе және т.б.) ағаштан жасады.

Неге ағаш аса құнды материал?

  • Табиғатта жиі кездеседі және тұрмыста қолдану аясы өте кең.
  • Құрылыс саласында ағашсыз жұмыс бастау қиын.
  • Жұмсақ күйінде оңай өңделеді: июге, тоқуға, ойып шабуға ыңғайлы.

Емен, қайың, терек тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Қызыл қайың әдемі табиғи өрнегімен ерекшеленетіндіктен, үй бұйымдарын жасауға қолданылған. Ал алма, акация, ырғай, алмұрт ағаштары қолөнер жұмыстарына қолайлы.

Үй мүліктері

Алма мен жаңғақ ағаштарынан кебеже, сандық, жүк аяқ, қобдиша сияқты бұйымдар жасалған.

Саз аспаптары

Тал, қарағай, алма, арша секілді ағаштардан саз аспаптарын жасауға пайдаланған.

Құрылысқа қажетті бұйымдар

Терек, қарағай, үйеңкі, емен тәрізді ағаш түрлері көлемді құрылыс жұмыстарына қажетті бұйымдар жасауға қолданылған.

Ағаш өңдеу өнерінде шеберлерге көп құралдың қажеті болмаған. Негізгі қарапайым құралдарға темір ара, балта, шапа-шот, бұрғы жатады. Халық шеберлері ағаштан тек тұрмыстық бұйым жасап қана қоймай, оларды әшекейлеп, көркемдеп қашау, шабу, ағаш бетіне нақышты өрнек салу ісін жоғары деңгейде меңгерген.

Жергілікті ерекшелік

Біздің ауыл таудың етегінде орналасқан, айналамыз сулы жерлерге және орман-тоғайға бай. Мұнда аққайың, көктерек, қарағай кеңінен өседі. Өткен сабақта топ серуенге шығып, ауыл ішіндегі бақтарды аралап, танымдық бейнелерге ұқсайтын ағаш бұталарын жинап әкелген едік. Енді сол бұталармен жұмыс жасаймыз.

IV. Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелері

  • Пышақты өзіңнен сыртқа қарай бағыттап қолдану.
  • Бұтаны берік ұстап, қолды кесу аймағынан алыс ұстау.
  • Зімпараны қолданғанда ағаш қиқымдарының шашырауына назар аудару.

Қолдарыңыздағы бұталардың артық жерлерін кесіп немесе еге отырып өңдейміз. Мақсат — бұтаның бастапқы қалпына шағын өзгерістер енгізіп, белгілі бір бейнеге ұқсату.

V. Ой толғаныс

Әдіс: «Бес жолды өлең»

  • Кім қандай бейне әкелді?
  • Неге ұқсатты?
  • Алғашқыда қандай еді, соңғы кейпі неге ұқсады?

Әр оқушы бұтаны өңдеп, оны қандай аңға немесе құсқа ұқсатқанын қысқаша баяндап, сол бейнеге арнап бес жолды өлең құрастырады.

Бағалау

Ең сәтті әрі ең әдемі орындалған жұмыстар мен өлеңдер мадақталып, бағаланады.