Баланың әрекеті

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары

Тақырыбы

Ә дыбысы мен әрпі

Мақсаты

  • Ә дыбысы мен әрпін таныстыру.
  • Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.
  • Сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Жылжымалы тақта, суреттер және басқа да материалдар.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Тәрбиеші балалармен амандасады да, бүгінгі сауат ашу сабағының ерекше өтетінін айтады: топқа қонаққа апайлар келген. Балалар қонақтармен сәлемдеседі.

II. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, досым.
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

Балалар шаттық шеңберінде тұрып, жаттығулар орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Балаларға апайлармен бірге қонаққа әже келгені айтылады. Әже көмек сұрайды: оның Әсет және Әсел атты екі немересі орманға саңырауқұлақ теруге барып, адасып кеткен.

Сюжеттік міндет

Балалардың мақсаты — тапсырмаларды орындап, Әсетті мен Әселді табуға көмектесу.

Тәрбиеші балаларға сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беріп отыру керектігін ескертеді.

III. Өткен сабақты еске түсіру: «Кім зерек?» ойыны

  • Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
  • І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
  • Неліктен оны дауысты дыбысқа жатқызамыз? (ереже)
  • І дыбысына сөздер ойлап айтыңдар.
  • Бұл дыбыс жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?
  • Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз.)
  • Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.)

Қорытынды

Балалар әжеге көмектесуге дайын екенін білдіреді.

Жаңа тақырып: Ә дыбысы мен әрпі

«Өзеннен өту» тапсырмасы

Әже жолда келе жатып, үлкен өзенге кездеседі. Өзеннен өту үшін балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.

Жауабы: әтеш

Назар аударайық

  • «Әтеш» сөзі Ә дыбысынан басталады.
  • Бүгінгі сабақта Ә дыбысы және әрпімен танысамыз.

Ә дыбысының ерекшелігі

Тәжірибе

Балалар бәрі бірге «Ә-ә-ә» деп созып айтады да, дыбыстың дауысты екенін анықтайды.

Анықтама

Ә — ауыз кең ашылып, тіл мен иек төмен түсу арқылы жасалатын жіңішке дауысты дыбыс. Ол көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі.

Орманға саяхат: қиял мен білімді біріктіру

Өзеннен өтіп, балалар орманға келеді. Тәрбиеші орманды көз алдына елестетуді сұрайды: балалар өз ойларымен бөліседі.

Сондай-ақ, қандай аңдарды білетіндерін айтады.

Тапсырмалар: «Қасқырдың сынағы»

I-аң: Қасқыр

Орманда жолды қасқыр бөгейді. Әжеге әрі қарай жүру үшін балалар бірнеше тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар

  • Ә әрпінен сөз ойлау.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
  • Сөздерді буынға бөлу.

Үлгі сөздер

ән дәрі әтеш әке

Балалар осы сөздер бойынша буынға бөлу және дыбыстық талдау жұмыстарын орындайды.

Қасқырдың «сыйластық сөзі»

Жолың болсын!