Тәуелсіздік тобы
Тәрбие сағатының тақырыбы
«Мен – егеменді елдің болашағымын»
Мақсаты (білімділік)
Оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді ояту; Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Мақсаты (дамытушылық)
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру; сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын дамыту; өз ойын көпшілік алдында сауатты жеткізуге үйрету.
Мақсаты (тәрбиелік)
Жеке тұлға бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Жас ұрпақты Отан алдындағы борышын сезінуге, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері
- Ұжымдық тапсырмалар арқылы бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
- Басқаның пікірін сыйлау және өз ойын нақты, анық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі
Патриоттық бағыттағы бейнематериалдар, мультимедиада дайындалған слайдтар.
Әдісі
Дәстүрлі сабақ, әңгімелеу, топтық жұмыс.
Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу, психологиялық дайындық, пікір алмасу.
Тәрбие сағатының барысы
Жоспар
- 1 Үнсіздік сәті. Тәуелсіздік жолында құрбан болғандарға тағзым.
- 2 Ой толғау. Қазақстан туралы білім мен көзқарасты ортаға салу.
- 3 «Болашақ Жаңаөзен». Қиял, жоспар және қала дамуына үлес туралы шығармашылық тапсырма.
- 4 Мақал-мәтел сайысы. Тәуелсіздік, Отан, ерлік тақырыптарында мақал-мәтелдер жинақтау.
- 5 Шығарма. «Отан оттан да ыстық» мәтелінің мәнін ашу.
Кіріспе
Құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен – егеменді елдің болашағымын» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Топқа бөлу
- 1-топ: Қазақстан
- 2-топ: Байтерек
- 3-топ: Тәуелсіздік
Мұғалім сөзі
Он алтыншы желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік, ел жадында қалған күн!
Тәуелсіздік жолында талай жан құрбан болды, «Елім!» деп еңіреп өткен ерлер аз емес. Ата-бабаларымыз талай қиын-қыстауды, қуғын-сүргінді бастан өткерді. Сан ғасыр бойы халық еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсады. Аллаға шүкір, ХХ ғасырдың соңына қарай көксеген арманға қол жетті.
Көрсетілім
«Желтоқсан желі» бейнеролигі
Үнсіздік минуты
1986 жылғы желтоқсанда алаңға шығып, азаттық үшін күрескен жастарға арнап бір минут үнсіздік жарияланады.
Тәуелсіздік туралы ой
Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қоғамдық өмірімізге жаңа леп, жаңа серпін келді. Бұл — баршамыздың бейбіт өмірге деген ниетіміз бен ортақ шаңырағымызға деген ақ тілегіміздің көрінісі.
Тәуелсіздік —
- Теңдік
- Бостандық
- Еркіндік
Ой толғау
Оқушылар, Қазақстан туралы, яғни еліміз туралы не білесіңдер? Ойларыңды ортаға салып көрейік. Дұрыс жауап берілген сайын тақтадағы жасырын сөз біртіндеп ашылады.
Жасырын сөз: Астана
Енді Астана қаласы туралы не білесіңдер? Дерек, әсер, ой — бәрін еркін айтыңдар.
«Болашақ Жаңаөзен» жобасы
Оқушылар «Болашақ Жаңаөзен» тақырыбында шығармашылық ойларыңды ортаға салыңдар. Бұл тапсырмада сендер болашақта өз қалаларыңа қандай көмек көрсететініңді, оны дамытуға қандай үлес қосатыныңды қиялмен, жоспармен және сурет арқылы бейнелейсіңдер.
Тапсырма: қала болашағын суреттеп, қысқаша түсіндірме жазу
Уақыт: 10 минут
Мақал-мәтел сайысы
Топпен ақылдасып, Тәуелсіздік, Отан, ерлік тақырыптарына байланысты 5 мақал-мәтел жазыңдар.
Нәтиже: әр топ өз тізімін оқып, мәнін қысқаша түсіндіреді
Уақыт: 5 минут
Қазақстан тобы
…
Байтерек тобы
…
Тәуелсіздік тобы
…
Шығарма: «Отан оттан да ыстық»
Келесі мақсат — «Отан оттан да ыстық» деген мәтелдің негізгі мазмұны мен идеясын түсіну. Әр топ ой бөлісіп, кейін бір оқушы шағын шығарма жазады.
Тапсырма: мәтелдің мәнін өмірмен байланыстырып, қысқа ойтолғау жазу
Уақыт: 5 минут
Қорытынды
Біз — тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді ата-бабаларымыз бен әкелеріміз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді ешқашан ұмытпаймыз.
Кең байтақ Қазақстан — менің туған өлкем. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы — менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.