Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы түсініктерін кеңейту

Мектепке дейінгі білім Коммуникативтік дағдылар Ағылшын тілі

Сабақтың мақсаты мен құндылықтары

Бұл оқу іс-әрекетінде балаларға отбасы туралы түсінік беріледі және өз жанұясы туралы қысқаша әңгімелеуге үйретіледі. Ойын элементтері арқылы есте сақтау қабілеті мен қарым-қатынас дағдылары дамытылады. Сонымен қатар, отбасына деген сүйіспеншілік қалыптастырылып, балалардың патриоттық сезімдері оянып, отбасы туралы ұғымдары кеңейеді.

Дамытушылық бағыты

  • Жаңа сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөздік қорды байыту.
  • Ой-өрісті дамыту және дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
  • Қарым-қатынас мәдениетін ойын арқылы қалыптастыру.

Тәрбиелік бағыты

  • Отбасына деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу.
  • Мейірімділік, адалдық, қайырымдылық құндылықтарын нығайту.
  • Патриоттық сезімді ояту және отбасылық құндылықтарды түсіндіру.

Сабақ барысы

1

Мотивациялық-қызықтыру кезеңі

Сәлемдесу, ортаға жиналу және «Шаттық шеңбері» арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Диалог

Teacher: Good morning, children!

Children: Good morning, teacher!

Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік.

Шаттық шеңбері

Good morning, teacher!

Good morning, good morning to you.

Good morning, dear teacher,

I am glad to see you.

2

Ұйымдастырушы-ізденуші кезең

Тақырыпты ашу, сұрақ-жауап, жаңа сөздермен танысу және ойын арқылы бекіту.

Тақырыпқа кіріспе

Бүгінгі тақырыбымыз — өз отбасымыз туралы: «Менің отбасым».

Сұрақ: «Менің отбасым» ағылшын тілінде қалай айтылады?
Жауап: My family

Әр үйде отбасы болады, олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді. Біздің әрқайсымыздың да өз отбасымыз бар.

Талқылау сұрақтары

  • Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
  • Отбасымыздағы басшы кім? (әке)
  • Сендерді өмірге әкелген адам? (ана)
  • Ата мен әжеге сендер кім боласыңдар? (немере)
  • Отбасындағы адамдар бір-біріне қандай болуы керек?

Негізгі ой

Отбасындағы адамдар бір-біріне адал, мейірімді, қайырымды болуы керек. Тәрбиені біз ең алдымен әке мен анадан аламыз.

Тақтадағы суретте сүйіспеншілігі мол, бір-біріне жылы ықыласпен қарайтын отбасы мүшелері бейнеленген. Енді отбасы мүшелерін ағылшын тілінде атап көрейік.

Ойын 1: «Аудармашы»

Лексика

Мұғалім допты лақтырып, қазақ тілінде бір сөз айтады. Оқушы допты қағып алып, сол сөздің ағылшын тіліндегі аудармасын айтып, допты мұғалімге қайта лақтырады.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Аяқпенен топ-топ,

Ал қолменен хоп-хоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық, кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға,

Кел ойнайық, кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға,

Секірейік, кел мұнда.

Ойын 2: «Полиглот»

Үш тіл

Мұғалім жұмбақ жасырады. Оқушы жұмбақтың шешуін тауып, оны үш тілде атайды: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

3

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Қорытындылау, сұрақ қою және сабақта орындалған ойындарды талқылау.

Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Отбасы мүшелерінің атауларын ағылшын тілінде сұрайды және оқу қызметінде ойналған ойындарды талқылайды.

Күтілетін нәтиже: Орындайды

Жаңа лексикалық бірліктерді қолданады: family, mother, father, grandmother, grandfather, brother, sister, baby.

Күтілетін нәтиже: Түсінеді

Тыңдау арқылы мәтінді қабылдайды және шағын әңгіме құрудың мәнін түсінеді.

Күтілетін нәтиже: Қолданады

Отбасы мүшелерін атап үйренеді және өз жанұясы туралы қысқаша әңгіме құрастырады.

Автор туралы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, «Балауса» балабақшасы. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы — Түешиева Меруерт.

Түйін

«My family» тақырыбы балалардың сөздік қорын дамытып қана қоймай, отбасыға құрмет, мейірім және бірлік сияқты құндылықтарды бекітеді.