Күнге қолдарыңды созыңдар
Сабақтың тақырыбы
Жалқы және жалпы есім. 333–337-жаттығулар.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: зат есім туралы бұрынғы білімді еске түсіру; жаттығулар арқылы жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
- Дамытушылық: дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану; сауатты, көркем жазуға дағдыландыру; сөздік қор мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, сызба, ассоциация.
Көрнекіліктер
Суреттер, слайд, сызба, «Кім жылдам?» ойыны, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1) Оқу құралдарын тексеру.
-
2) Психологиялық дайындық:
«Сендерді өмірде не таңғалдырады?» Таңғалатын жайттар жиі кездеседі. Мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты: жылы әрі мейіріммен сәлемдеседі.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдарындай аялайды, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Өлең
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй жұмысын тексеру
332-жаттығуды 3–4 оқушыдан сұрау.
Слайд арқылы суреттерін көрсету.
III. Өткен сабақты қорыту
Өткен материалды қысқаша қайталау, негізгі ұғымдарды нақтылау.
IV. Ойын: «Кім жылдам?»
Сынып топтарға бөлінеді. Әр топқа сөз таптарына байланысты сөздер ойлау тапсырылады.
1-топ
Зат есім
2-топ
Сын есім
3-топ
Сан есім
4-топ
Етістік
Қай топ ең көп сөз айтады?
V. Жаңа сабақ
Ертегі арқылы кіріспе
Ертеде сөз таптарының ішінде Зат есім деген сөз табының Жалқы есім және Жалпы есім деген екі ұлы болыпты. Жалқы есім тек өз атын айтқанды ұнатса, Жалпы есім жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім екі ұлының да мінезін түсініп, екеуін де орынды қолдана біліпті. Ендеше, біз де бір-бірімізді сыйлап, тыңдап, жалқы және жалпы есім туралы білімімізді тереңдетеміз.
333-жаттығу (ауызша)
Суретке қарап, астындағы сөздерді оқыңдар. Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі бас әріппен жазылған. Неліктен деп ойлайсыңдар?
Мысалдар
- Алма (қыз) — алма (жеміс)
- Раушан (қыз) — раушан (гүл)
Қорытынды (ереже)
Кісінің аты-жөні, жер-су атаулары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әрқашан бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.
Шығармашылық жұмыс
а)
Алма сондай көрікті, Екі бұрым өріпті. Алма неге қызыл? Жапырағы неге жасыл?
ә)
Далада раушан гүлі жайқалады, Ару көріп оны таңғалады. Сабағын жақсы оқитын Раушан қыз әдепті.
Ресейдің Сочи қаласында ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары өтуде. Қазақстаннан 52 спортшы қатысуда. Осы сөйлемдерден зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
334-жаттығу
Жаңылтпашты бірнеше рет оқып, жатқа айтыңдар. Кісі атын және жер атын табыңдар.
Арман
кісі аты
Тарбағатай
жер аты
Бүгінгі күннің ретін көркем жазу.
VI. Дәптермен жұмыс
335-жаттығу
Берілген жалқы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар: Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар.
336-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Сөздердің бас әріппен жазылу себебін дәлелдеңдер.
- Жетісу — көркем өлке.
- Іле — осы өлкедегі үлкен өзен.
- Ол Балқаш көліне құяды.
- Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
VII. Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды, жай-жай, Міне былай, міне былай, жай-жай. Шапалақтап қолыңды, тез-тез, Міне былай, міне былай, тез-тез-тез…
VIII. Деңгейлік тапсырмалар
1-топ
Зат есімге қатысты сөздер ойлау.
2-топ
Сөздер ішінен жалқы есімдерді табу:
Серік, ата, Жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы
3-топ
Сөздер ішінен жалпы есімдерді табу:
дәрігер, Алма, ұшқыш, құс, Ертіс, мектеп, Бурабай, ана, сабақ, Абай, сынып
IX. «Шалқан» ертегісі арқылы бекіту
«Шалқан» ертегісін айтып, мәтіннен зат есімдерді тапқызу.
X. Семантикалық картамен жұмыс
Берілген сөздерді тиісті бағанға орналастыру: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
| Сөздер | Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім |
|---|---|---|---|---|
| келді | ||||
| ана | ||||
| бес | ||||
| сұлу | ||||
| алма | ||||
| отыр | ||||
| қырық | ||||
| жүз | ||||
| көл | ||||
| оқыды | ||||
| биік |
XI. Бекіту: ассоциация әдісі
Тапсырма: жалқы есімдерге ассоциация жасап, мысалдар жазу.
- Біз қандай сөз табын өттік?
- Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
XII. Бағалау
Топтық жұмыс пен жеке оқушылардың жұмысы бағаланады.
XIII. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауымен беріледі.