Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған - ертеңгілігі
Алтын күз: әсем айналам, елге береке
Бұл ертеңгіліктің мақсаты — балалардың санасына күздің байлық, береке, молшылық, шаттық пен қуаныш мезгілі екенін жеткізу. Зал іші түрлі түсті жапырақтармен безендіріліп, мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Кейіпкерлер
- Бұлт
- Күн
- Алтын күз
Кіріспе көрініс
Балалар әуен ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойына тұрады.
Жүргізуші
Береке-бақ дарыған,
Жомарт көңіл — жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне Алтын күз!
Сәлеметсіздер ме, балалар! Қараңдаршы, зал іші қандай әдемі — түрлі түсті жапырақтарға толы. Біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар
Күз мерекесі!
Ән
«Күз»
Тәрбиеші
Жарайсыңдар, балалар! Біздің балалар мерекеге арнап көптеген тақпақтар біледі.
Тақпақтар
Нұрхан
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз келді.
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
Аңсар
Алтын, суық күз келді,
Жел мен жаңбыр әкелді.
Құстар ұшып кетеді,
Ән салмай-ақ өтеді.
Ислам
Алақай-алақай,
Шаттанды балақай!
Береке салты — күз,
Мереке — Алтын күз.
Әділжан
Сап-сары ғып даланы,
Бояйды ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Ғани
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Күз келді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Ертегі кейіпкерлері
-
Қоян
Мадина
-
Қарға
Әділжан
-
Кірпі
Аянат
-
Аю
Тархан
Көрініс: жаңбыр мен күн
Балалар орындарына отырады. Сол сәтте тырсылдаған жаңбырдың дыбысы естіледі.
Жүргізуші
Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауғалы тұр.
Бұлт
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Күзгі көк бұлт — мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Қаласам, қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр «шашады».)
Жүргізуші
Жаңбыр, жаумай тұра тұр,
Дабылыңды сақтай тұр!
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді сақтай тұр!
(Балалар шапшаң түрде Күнді шақырады.)
Күн
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар
Иә!
Күн
Мен жарқырап төбеде,
Нұрымды төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын.
Автор туралы
Кишкенебаева Динара Асқаровна — Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі.
Ескертпе
Мәтін білім беру іс-шарасына арналған ертеңгілік сценарийі ретінде өңделіп, тілдік қателері түзетілді.