Ертекші апай кімнің анасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы. «Балауса» балабақшасы, Ақбота ІІ кіші тобы. Тәрбиеші: Асанова Чынар Эсеналиевна.

Білім беру салалары

Әлеуметтік орта, Шығармашылық

Бөлімі

Көркем әдебиет, сурет

Тақырыбы

«Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

  • Ертегілер арқылы балалардың басқа халықтардың ауыз әдебиетіне қызығушылығын арттыру.
  • Таныс ертегілердің кейіпкерлерін атай отырып, тілін дамыту және кейіпкерлерді тануға үйрету.
  • Сөздік қорын, есте сақтауын, сөйлеу дағдыларын және артикуляциялық аппаратын дамыту.
  • Дәстүрден тыс сурет салу тәсілдерін меңгерту.

Міндеттері

  • Балаларды достыққа, бірлікке баулу.
  • Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

«Ерте, ерте, ертеде…»

Қолдау және кіріктіру

Билингвалдық компонент

ертегі
сказка
үйшік
теремок

Инклюзивті орта

Тіл кемістігі бар балалармен артикуляциялық жаттығулар орындау (Қызай мен Жанбол).

Көрнекіліктер мен құралдар

Көрнекіліктер

  • Безендірілген «Ертегілер елі» бұрышы
  • Үнтаспа
  • Ертегі кейіпкерлерінің киім үлгілері

Қажетті құралдар

  • Су
  • Бояу
  • Ақ қағаз
  • Губка

Бағдарлау сұрақтары

Балалар тыңдайды, байқайды, жауап береді, қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді және сурет арқылы әсерін жеткізеді.

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Амандасу

Үлкенге — сәлем беру, тәрбиенің басы.

Ендеше бәріміз үлкендерге сәлемдесейік.

Шаттық шеңбер

Дос болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген — тамаша,
Міне, тұрмыз жараса!

«Жақсы сөз — жарым ырыс». Балалар, лента арқылы бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Енді қол ұстасып, ленталарды жоғары көтерейік. Бұл неге ұқсайды? Шаңыраққа. Шаңырақ — киіз үйдің төбесі, бір үйдің адамын «бір шаңырақ астында» дейді. Біз де бір шаңырақ астындамыз: тату дос болып жүрейік. Шаңырағымыз шаттыққа толы болсын!

Ойын: «Кім білгіш?»

Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Онда бәріміз «Ертегілер еліне» саяхатқа аттанайық.

2) Ғажайып сәт және ой қозғау

Сиқырлы кілемше

Бәріміз «сиқырлы кілемшеге» жайғасып отырайық. Көзімізді жұмып, алыстағы Ертегілер еліне аттанайық.

Табиғат қандай тамаша: жасыл орман, мөлдір ағын су, сайраған әдемі құстардың үні… Біз Ертегілер еліне келіп жеттік. Енді жайлап көзімізді ашайық.

Сұрақ-жауап

  • Қандай дыбыстарды естідіңдер?
  • Қандай ертегілерді білесіңдер?

Сергіту сәті

Орманға барсақ — түлкі бар,
Сайға барсақ — қоян бар.
Байқаңдаршы, қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар!

Ендеше, аю туралы тілдік жаттығуды орындайық. Сонымен бірге: бауырсақтың қалай домалайтынын көрсетейік, ал «Мақта қыздың» үйді қалай сыпыратынын қимылмен бейнелейік.

3) Достық туралы мақал-мәтелдер

  1. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
  2. Ас қадірі аштықта білінер, дос қадірі қиындықта білінер.
  3. Дос сүйсінсін, дұшпан күйінсін.
  4. Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол.
  5. Жақсы дос үшін жан пида.

4) Топқа оралу

Енді кілемшеге отырып, тобымызға қайта оралайық.

Нақтылау сұрақтары

  • Біз қайда бардық?
  • Ертекші апай қандай ертегі айтты?

5) Шығармашылық жұмыс

Енді шығармашылық орталыққа барайық. Алдымыздағы ақ қағаз бетіне солдан оңға қарай губкамен бояу жағамыз. Сонда қағазда ғажайып суреттер пайда болады.

Қауіпсіздік және тәртіп

  • Бояуды орынсыз жақпау, құралдарды ұқыпты ұстау.
  • Жұмыс соңында қолды жуу, орынды жинастыру.

Рефлексия және қорытынды

Қайталау сұрақтары

  • Кілемшеге отырып, қайда бардық?
  • Ертегілер елінде кімді көрдік?
  • Ертекші апай кімнің анасы?
  • Қандай ертегіні тамашаладық?
  • «Үйшік» ертегісінде қандай аңдар бар?

Мадақтау және қоштасу

Балаларды мадақтау, жетістігін атап өту. Қонақтармен қоштасу.

Күтілетін нәтижелер

Не білді
Ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдай алды.
Не алды
Ертегі кейіпкерлерін атай алды.
Не істей алады
Қағаз бетін бір бағытта (солдан оңға) бояй алады.

Ескерту: Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын бөлек файл ретінде ұсынуға болады.