Жұма - қасиетті күн

Жол туралы ырым-тыйымдар

Қазақтың кең-байтақ жерінде жолға шығу, жол жүру аса көп дайындықты қажет еткен. Себебі елді мекендер арасындағы, батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстік аймақтарының арақашықтығы ұланғайыр болған. Сондықтан алыс жолға аттанған адам діттеген жеріне аман-есен жетуді тілеп, бүкіл жан дүниесімен Жаратқаннан медет сұраған.

Ұзақ сапар оңай шаруа емес. «Табиғаттың дүлей апатынан сақта, жақсы жол бере гөр, өзімнің де, көлігімнің де амандығын бере гөр» деп тілеген.

Тазалыққа қатысты өсиет

Кір суды баспа — қырсығы тиеді.

Таза жерде аунап ойнасаң да жарасады, ал лас, кір мен қоқыстан аулақ бол.

Жол үстіндегі тыйымдар мен қағидалар

  • Жол үстінде көлік тоқтатпайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
  • Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады деп сенген.
  • Жолда кездескен адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамайды; «Жолың оң болсын» деп тілеген дұрыс.
  • Жүкпен жолға шыққанда үйден тұз алып шықпайды .
  • Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды : мұны тәкаппарлық, күпірлікке балаған.
  • Жолға шыққанда: «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп тілеген. Бұл тілек жол бойындағы кедергілерден сақтайды деп ұққан.
  • Жұма күні көшуге болмайды. Жұма — қасиетті күн; бұл күні ата-баба әруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді деп сенген.