Сабақтың ережесі
Интербелсенді сабақ
Болашақ бүгіннен басталады
Мақсаты
Оқушыларды өзін-өзі танудың негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалай білуге бағыттау және өз бойындағы сапалық қасиеттерін дамыту.
Міндеттері
- Өзіне деген сенімділікті арттыру және кез келген жағдайға оңтайлы бейімделу дағдысын қалыптастыру.
- ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушылардың ішкі әлемін нығайтуға ықпал ету, психологиялық күш-қуатын дамыту.
- Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.
Қажетті материалдар
Кіріспе
Бір күні Насреддин атты адам үйіне кеш қайтып келе жатып, үлкен қамалдың маңынан өтеді. Сол сәтте атты адамдардың дауысын естіп, оларды қарақшылар деп ойлап, қорыққаннан қаша жөнеледі. Қашып бара жатып сүрініп құлап, жаңадан қазылған орға түсіп кетеді.
Ал шын мәнінде, ол адамдар қарақшылар емес, қарапайым диханшылар еді. Олар қашқан адамды көріп: «Мына адамға көмек керек болар, барайық» деп, Насреддиннің жанына келеді.
— Не істеп жатырсыз? — деп сұрағанда, Насреддин қателескенін түсініп: «Бұл — күрделі философиялық сұрақ. Ең бастысы, сіздер мен үшін осындасыздар, ал мен сіздер үшін осындамын», — деген екен.
Демек, біз де бір-біріміз үшін осында жиналдық. Ендеше, жақсы көңіл-күймен және жылы қарым-қатынаспен тренингімізді бастайық.
Сәлемдесу
Қатысушылар өзіне ұнаған ұлттың амандасу үлгісімен сәлемдеседі. Бір-бірін қайталамау қажет.
Талдау сұрақтары
- Неліктен дәл осы сәлемдесуді таңдадыңыз?
- Қандай әсер алдыңыз?
- Кімнің сәлемдесуі ұнады?
Танысу: «Менің есімім»
Бұл кезеңнің мақсаты — қатысушыларды ортаға бейімдеу және бір-бірімен жақынырақ таныстыру. Барлығы шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін осы тренинг барысында ұнайтын есіммен немесе ұнататын атақты адамның атымен таныстырады.
Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу аяқталды.
Талдау сұрақтары
- Не сезіндіңіз?
- Өзіңізді басқа атпен атау қиын болды ма?
- Өзіңіздің жақсы қасиетіңізді атау қиын болды ма?
Өз жолым бар, сонан соң өз атым бар,
Тағдырым бар сыр тұнған сезімімде әр.
Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан
Өмір көшіне ілескен мен, жас балапан.Б. Үсенов
Сабақтың ережелері
Өзіңізді патша немесе ханшайым деп елестетіңіз. Бұл сынып — сіздің патшалығыңыз. Төмендегі ережелер — сол патшалықтың заңы. Әрқайсымыз осы заңдарға бағынуға келісеміз.
Патша ережелерін қабылдау
- «Қазір және мұнда» ережесі
- Сөзді бөлмеу ережесі
- Қарым-қатынастың көптігі ережесі
- «Тыңдап ал, содан кейін айт» ережесі
- Белсенді болу ережесі
- «Тоқта!» ережесі
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да
Болады деп арманда.М. Мақатаев
Әр адамның алдында белгілі бір мақсат болады. Ол мақсат жүректің түкпірінен орын алып, соған жетуге деген ішкі күшті оятады. Үнемі сол мақсатқа ұмтылу — адамның дамуына жол ашады.
К. Маркс
«Менің жан дүниемнің жыл мезгілі»
Әр мезгіл — адамның ішкі күйін де, мақсатын да бейнелей алады. Төмендегі тапсырмаларды орындап, әр бөлімге өз ойыңызды жазыңыз.
Қыс
Қыс мезгілі тыныштық береді. Сол сияқты, келесі кезеңге «сақталып тұрған», әзірше аса маңызды емес мақсатыңызды жазыңыз.
Көктем
Өміріңізде әлі толық қалаулы болмаса да, сіз үшін маңызды әрі соған қарай әрекет етуді талап ететін мақсатыңызды жазыңыз.
Жаз
Жаз — тіршіліктің жайқалып, жеміс беретін шағы. Өз іс-әрекетіңіздің нәтижесін көргім келеді деген мақсатыңызды белгілеңіз.
Күз
Күз — піскен жемісті жинайтын кез. Неге қол жеткіздіңіз? Қандай мақсатыңыз орындалды? Соның бәрін жазыңыз.
«Сіз армандай аласыз ба?» тесті
Төмендегі сұрақтарға шынайы жауап беріңіз. Бұл бөлім сіздің қиялыңыз, әдеттеріңіз және ішкі күйіңіз туралы ойлануға көмектеседі.
- Газет не журнал қолыңызға тисе, алдымен парақтап шығасыз ба, әлде бірден оқуға кірісесіз бе?
- Ренжіген кезде әдеттегіден артық тамақтанасыз ба?
- Тамақтану барысында жеке шаруаларыңыз туралы ойланасыз ба?
- Махаббат пен достық қатынастарға байланысты хаттарыңызды сақтайсыз ба?
- Психология пәні сізді қызықтыра ма?
- Көлікпен жоғары жылдамдықта жүруден қорқасыз ба?
- Өлім туралы ойдан қорқасыз ба?
- Ұйықтар алдында қиялдауды (армандауды) ұнатасыз ба?
- Сегіз сағат ұйықтасаңыз да, қатты шаршап оянасыз ба?