Абайдың әжесі кім
Білім мен парасат сайысы
Мақсаты
- Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
- Ойлау және сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Түрі
Сайыс сабақ.
Әдісі
Сұрақ-жауап, талдау және басқа тәсілдер.
Қатысушылар
Шын жүйріктер сайыста сыналады. Әділқазы сайыскерлердің білімін бағалайды.
Сайыстың барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Сәлем, достар! Амандарың ба? Мына бейбіт заманда қуантамын бәріңді. Білімдіден қаламыз ба?
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, сайыскерлер! Бүгін 6-сынып оқушылары арасында өтетін білім сайысын ашық деп жариялаймыз!
Ақыл — тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім — кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.
Ендеше, сайысқа қатысатын топтарды таныстырайық. І топ — Талап, ІІ топ — Дарын. Іске сәт! Жұлдыздарың жана берсін!
Ойынның кезеңдері
- 1 Таныстыру
- 2 Кім көп біледі?
- 3 Тіл өнері
- 4 Тірліктің өзі — жұмбақ!
- 5 Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- 6 Тапқырлық
- 7 Марапаттау
ІІ бөлім: «Кім көп біледі?»
Бұл кезеңде әр топқа жеке сұрақтар қойылады. Мақсат — білімнің кеңдігін, ойдың жүйелілігін және жауаптың нақтылығын көрсету.
І топ — «Талап» сұрақтары
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қай жылы алды?
- Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы кім?
- Жеті қазынаға не жатады?
- Сан есімнің мағыналық түрлерін ата.
- «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің авторы кім? Ол жайында не білесіңдер?
- Абайдың отыз бірінші қара сөзі не туралы?
- Күрделі сөздің неше түрі бар? Ата.
- Қазақтың би-шешендерін ата.
- Абайдың әжесі кім?
- Жұмбақ дегеніміз не?
ІІ топ — «Дарын» сұрақтары
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қай күн?
- Қазақстанның тұңғыш саяхатшысы кім?
- Үш арсызды ата.
- Сын есімнің мағыналық түрлерін ата.
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңнің авторы кім?
- «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры» атты әңгіменің авторы кім? Шығарма не туралы?
- Мұқағалидың қандай өлеңдері бар? Мысал келтір.
- Абайдың анасының аты кім?
- Ертегі дегеніміз не?
ІІІ бөлім: «Тіл өнері»
Әр топқа мақал-мәтелдердің басы беріледі. Міндет — жалғасын дұрыс тауып, мағынасын ашып айту.
І топ — «Талап»
- Жақсы сөз — жұбатады, жаман сөз — жылатады.
- Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені, еменнің иілгені — сынғаны.
- Теңге — тиыннан, ынтымақ — ұйымнан.
- Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
- Жақсы топта танылады, мырза жоқта танылады.
ІІ топ — «Дарын»
- Ұлыдан — өсиет, жақсыдан — қасиет.
- Отанға опасыздық еткенің — өз түбіңе жеткенің.
- Бала — әкенің білек еті, ананың — жүрек еті.
- Білім іздеген — өсер, бүлік іздеген — өшер.
- Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі.
ІV бөлім: «Тірліктің өзі — жұмбақ!»
Кіріспе
Тірлік — тұнған жұмбақ жас балаға:
Өсеміз құпияның сырын ашып...
Сендер де жұмбақ шешіп көріңдерші,
Ойланып, ақыл қосып, ұжымдасып.
Ереже
Жұмбақтың жауабын жылдам әрі дәл табу маңызды. Бірлесе ойлану — жеңіске бастар жол.
І топ — «Талап» жұмбақтары
- Ұрсаң жерде заулайды, жерде қарғып тұрмайды, тиіп кетсе басыңа ешбір зиян қылмайды. Жауабы: доп
- Құрғақ жерде сақтайсың, менсіз тамақ татпайсың. Жауабы: тұз
- Саусақ батпас түтіктен, сандуғаш құс сайрайды. Жауабы: сыбызғы
- Көлігі жоқ — көшеді, өзін кезбе деседі. Жауабы: бұлт
- Өзі — көзі, көзі — өзі. Жауабы: күн
ІІ топ — «Дарын» жұмбақтары
- Ортасында ақ көлдің, қара көлге тап болдым. Жауабы: көздің ағы мен қарасы
- Қант дейін десем — қатты емес, тәтті емес; қар дейін десем — ерімейді, төгілмейді. Жауабы: мақта
- Кең әлемді кернейді, көзің бірақ көрмейді. Жауабы: ауа
- Бойлаған сайын тереңге, шығасың биік белеңге. Жауабы: білім
- Күн мен түн немен аяқталады? Жауабы: «н» әрпімен
V бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
Әр топтан оқушылар өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқиды. Бағалау кезінде дауыс ырғағы, дикция, сахна мәдениеті және мазмұнды түсіну ескеріледі.
VІ бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ұлы тұлғалардың бейнесі жасырылып көрсетіледі. Қатысушылар олардың кім екенін анықтап, қандай шығармалары бар екенін айтып береді.
VІІ бөлім: Марапаттау және қорытынды
Марапаттау
Әділқазы ұпай қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріледі.
Түйін сөз
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тап білімнен таралар,
Білімменен аспанға жол салынар.