Қорытынды сабақтар

Интеллектуалдық ойын: қорытынды сабақ

Бұл қорытынды сабақ мұғалімнің ұйғарымымен өткізіледі. Ол оқу жылының басынан бері өтілген материалды қайталау мен жинақтауға бағытталады немесе әр бөлім аяқталған кезде ұйымдастырылуы мүмкін. Төменде 9-сыныпта өткізілген бөлімді қорытындылау сабағының сайыс форматындағы үлгісі ұсынылады.

Сабақтың мақсаты

  • Өтілген тақырыптар бойынша білімді қорытындылау және жүйелеу.
  • Материалды меңгеру деңгейін тексеру.
  • Пәнге қызығушылық пен ойлау қабілетін дамыту.
  • Сынып көшбасшысын (лидерін) анықтау.

Ұйымдастыру және көрнекіліктер

Сыныпты ұйымдастыру

  • Сынып 3 топқа бөлінеді.
  • Әр топтан топ басшысы сайланады.
  • Қазылар алқасы таныстырылып, бағалау тәртібі түсіндіріледі.

Көрнекіліктер

  • Магниттік тақта
  • «XXI ғасыр лидері» материалдары
  • «Тікелей сұрақтар» плакаттары
  • Қазақстан картасы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі қорытынды сабағымыз Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайы мен ресурстары, халқы, халықтың тығыздығы және еңбек ресурстары бойынша білімімізді жинақтап, еске түсіруге арналған. Сабақ сайыс түрінде өтеді.

Сайыс кезеңдері

1-тур: «Бәйге»

Талап: тез әрі дұрыс жауап. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жыл — 1991.
  2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданған уақыт — 1993 ж. 28 қаңтар.
  3. Қазақстан Республикасының төл теңгесі енгізілген уақыт — 1993 ж. 15 қараша.
  4. Қазақстан Республикасының жер көлемі — 2,7 млн км².
  5. Жер көлемі бойынша әлемдегі орны — 9-орын.
  6. Климаты — шұғыл континенттік.
  7. Ең ұзын шекарасы өтетін ел — Ресей.
  8. Табиғат жағдайы — табиғат күштері мен объектілерінің жиынтығы, олардың сапалық ерекшеліктері.
  9. Қорғасын мен молибден қоры бойынша әлемдегі орны — 4-орын.
  10. Орман көлемі — шамамен 13 млн га.
  11. Жер ресурстарының көлемі — 27,1 млн (берілген дерек бойынша).
  12. Су ресурстарының көлемі — 115,3 млрд м³.
  13. Қорық саны — 10.
  14. Демография — халық саны, құрамы және динамикасы туралы ғылым.
  15. Қазақстан халқының орташа жасы — 66,14 жас (берілген дерек бойынша).
  16. Қазақтардың өз Отанына оралу үдерісі — репатриация.
  17. Халық тығыздығы — 1 км²-ге 5,6 адам.
  18. Елдегі ұлт өкілдері — 130-дан астам.
  19. Агломерация — ірі қалалардың маңында шоғырланған шағын және орта қалалардың жиынтығы.
  20. Энергетикалық ресурстар — энергия алуға болатын табиғи ресурстар.

2-тур: «Тіл өнері»

Жауап үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша. Толық жауап — 20 ұпай, жартылай — 10 ұпай.

Тіл — байланыс құралы. Елтану барысында көп тіл білудің пайдасы зор. Сондықтан ауыз әдебиетіне сүйеніп, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға жауап береміз.

Жұмбақ/мақал Жауабы (қаз/орыс/ағылш)
1 Кең әлемді кернейді, көзін бірақ көрмейді. ауа — воздух — air
2 Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың. тұз — соль — salt
3 Қыздырып соқсаң иленеді. темір — железо — iron
4 Нан бар жерде ... бар. ән — песня — song
5 Көп сөз көмір, аз сөз ... алтын — золото — gold
6 ... ішкен құдығыңа түкірме. су — вода — water
7 Мал патшасы — ... жылқы — лошадь — horse
8 Қазақтардың қасиетті саны — ... жеті — семь — seven

3-тур: «Көкпар»

Ұпай аралығы: 0–10.

2-турдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған оқушылар осы кезеңге қатысады. Оқушыларға берілген экономикалық аудандар бойынша білімдері бағаланады.

4-тур: «Жеребе тарту»

  1. Қазақстан Республикасындағы ірі агломерациялар — Қарағанды, Теміртау.
  2. Кенттену — қалалар мен қала халқының өсу үдерісі.
  3. Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары — еңбекке жарамды адамдар.
  4. Қарашығанақ газ-конденсат кен орнының игеріле бастаған жылы — 1980.

Автор

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл