Мидың құрылысы және бөлімдері

№10 жалпы білім беру орта мектебі • Биология пәні • 8-сынып

Мұғалім: Асилбаева А.Б.

Сабақтың тақырыбы

Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.

Жалпы мақсаты

Организмнің күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттейтін ми бөлімдері туралы түсінік қалыптастыру; ми діңі мен мишықтың қызметін түсіндіру.

Негізгі идеялар

  • Мидың құрылымдық және қызметтік ерекшеліктерін түсіну.
  • Топтық жұмыс арқылы шапшаңдық пен өзара әрекеттесуді дамыту.

Жалпы міндеттері

Білімділік

Мидың негізгі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.

Дамытушылық

Оқушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын, логикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік

Оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

  1. 1 Топта жұмыс істей отырып, жаңа білімді меңгереді.
  2. 2 Ми діңінің құрылысын зерттей алады.
  3. 3 Жаңа ақпарат бойынша пікір алмасады.
  4. 4 Ми бөлімдерін ажырата алады.
  5. 5 Өзін-өзі бағалауға дағдыланады.

Сілтемелер мен ресурстар

Негізгі әдебиет

Биология, 8-сынып (2007).

Қосымша дереккөздер

  • Әдістемелік нұсқаулық (Алматы).
  • Слайд-шоу, электрондық оқулық.
  • Ғаламтор желісінен іздену.

Қолданылатын материалдар

Үлестірмелі материалдар Электрондық оқулық Интерактивті тақта Слайд Постер Түрлі түсті қағаздар Стикер Смайлик Ғаламтор

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (модульдер)

Оқыту процесін ұйымдастыру

  • 1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық және жұптық жұмыс).
  • 6-модуль: Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Ойлау, бағалау және цифрлық құралдар

  • 2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлау.
  • 3-модуль: Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
  • 4-модуль: АКТ қолдану (электрондық оқулық).
  • 5-модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Үй жұмысын үлестірмелі материал арқылы тексеру (биологиялық диктант).
  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Топқа бөлу (ми бөлімдері бойынша).
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Компьютерде дайындалған материалдарды ашу және ақпарат көздерін қолдануға бағыт беру.

2) Үй жұмысын тексеру: «Ой толғау» (биологиялық диктант)

Сөйлем Дұрыс жауап
1 Ағза қызметінің реттелу жолдарын басқарады: жүйке жүйесі
2 Ағзаның сыртқы ортамен байланысы іске асады: жүйке жүйесі арқылы
3 Әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа тарайтын жұлын жүйкелері: 31 жұп
4 Жұлынның қызметі: өткізгіш және рефлекстік
5 Жүйке ұлпасының негізгі жасушалары: нейрон
6 Жүйке дегеніміз: ми мен жұлыннан шығатын жүйке жасушаларының ұзын өсінділерінің шоғыры
7 Жүйке жүйесінің негізгі қызметі: рефлекстік және өткізгіштік
8 Қимыл нейрондары арқылы импульстер өтетін орталық: жұлын
9 Қызметіне қарай жүйке жүйесінің жіктелуі: өткізгіштік және рефлекстік
10 Қимыл-қозғалыс талшықтары орналасқан бөлік: алдыңғы тамыршалар
11 Артқы тамыршада орналасқан талшықтар: сезімтал
12 Жұлын жарақатының салдары: сал болу, рефлекстердің сезілмеуі

3) Таныстырылым

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

4) Жаңа сабақты меңгеру

Топтық жұмыс

Оқушылар постер дайындайды.

Конверт әдісі

Сұрақтар конверт арқылы беріледі, жауаптар талқыланады.

Талқылау сұрақтары

  • Үлкен ми сыңарларының қызметі қандай?
  • Мидың құрылысы және негізгі бөлімдері қандай?
  • Жұлын мен мидың ұқсастықтары қандай?
  • Ми бөлімдері зақымданғанда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

5) Сергіту сәті

Видеоролик көрсетілімі.

6) Жаңа сабақты бекіту

  • Тірек сөздер арқылы тапсырмалар орындалады.
  • Тест жұмысы: оқушылар бір-бірінің жұмысын алмастырып тексереді, бағалайды және қателермен жұмыс жүргізеді.

7) Үй тапсырмасы

§15 — «Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі» тақырыбын оқу.

  • Кестені толтыру.
  • Сұрақтарға жазбаша жауап дайындау.

8) Рефлексия

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неліктен?

(Оқушылар қысқа жауап береді немесе стикерге пікірін қалдырады.)