Ананың сөзі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Қазақ әдебиеті
Сынып
7
Тақырып
Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін талдау
Сабақ түрі
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, бес жол өлең, оқулықпен жұмыс
Көрнекіліктер
Ғ. Мүсірепов портреті, әңгіменің жоспары, композиция үлгісі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Әңгіме мазмұнын толық меңгерту, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау.

Тәрбиелік

Ананың балаға деген киелі махаббатын ұғындыру, ананы құрметтеуге, сыйлауға және адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушыны өздігінен жұмыс істеуге, ізденуге, ойын анық әрі еркін жеткізуге үйрету.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Жоспар бойынша мазмұндау

  1. 1 Әйтілестің әңгімесі
  2. 2 Жалпақ Ергенекті елінде
  3. 3 Қуғыншы ана
  4. 4 Бостандық. Ананың сәлемі

2) Сұрақ-жауап

  • Шығармадағы оқиға кімнің атынан баяндалады?
  • Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?
  • Әңгіменің соңында Жалпақтың есінен танып құлауының себебі неде?
  • «Ананың анасы» қандай жанрға жатады?

III. Талдау жұмыстары

Әңгіменің мазмұнын түсіну арқылы оның бір-бірімен байланысқан оқиғалар тізбегінен тұратынын байқаймыз. Енді шығарманы құрылымына қарай талдаймыз.

Композиция бөліктері

Экспозиция

Әйтілестің әңгімесі

Байланыс

Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы; қалың жылқы; Тұрақты қыз

Шиеленіс

Жылқышының мерт болуы; қуғыншы ана

Шарықтау шегі

Ананың сөзі; Кейкінің үкімі

Шешімі

Ана мен қызына бостандық берілуі

Басты кейіпкерлер бейнесі

Ана

тақырып өзегі

Ана — Сонардың қызы. Он бес жасында бас бостандығынан айырылып, күңдікке берілген. Көргені — қорлық пен әділетсіздік. Соған қарамастан, ол қызының артынан қаймықпай қуып, құдіретті сөзімен батырлардың мысын басып, қызын аман-есен алып, ауылына оралады.

Жалпақ

Жалпақ — керей руының батыры. Ергенектіден кегін алуға намыстанып аттанады, алдын болжай білетін қайсар тұлға. Даланың «ессіз ері» деп танылса да, ананың сөзін адамгершілікпен ұғып, мейірім танытады.

«Бес жол өлең» стратегиясы

Ана туралы

  1. 1. Ана
  2. 2. Қайратты, батыл
  3. 3. Қорықпайды, именбейді, сүйеді
  4. 4. «Шешеге қарап қыз өсер»
  5. 5. Шеше

Жалпақ туралы

  1. 1. Жалпақ
  2. 2. Намысқой, мейірімді
  3. 3. Шайқасады
  4. 4. Жалпақ — адамгершілігін сақтаған адам
  5. 5. Батыр

Венн диаграммасы

Венн диаграммасы арқылы Жалпақ пен Кейкі бейнелерін салыстырып, ортақ және айырмашылық қасиеттерін анықтау ұсынылады. Оқушылар дәлел ретінде мәтіннен нақты үзінділер келтіреді.

Жалпақ

  • Намыс, өр мінез
  • Мейірім, түсіністік

Ортақ

  • Ерлік сипаты
  • Жауапкершілік

Кейкі

  • Үкім айту, қатал шешім
  • Тәртіпке жүгіну

Шығарманың тілдік ерекшеліктері

Әңгімені төрт бөлікке бөліп, әр топқа үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, төмендегі кестені толтырады.

Көркем тіл Мысалдар
Портрет Әйтілес — аппақ, ақ қарбас, соқыр; балуан бармақты.
Метафора «Қара таңба бір қара көрінді».
Эпитет Кең өмір, сарғылт көңіл, жалпақ жаз, ескі күндер, қалың жылқы.
Теңеу Іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, оқтаудай.
Тұрақты тіркес Ат құлағында ойнау, болат жүрек, көз салу, тірегі сыймау, қабаттан қан жауу.
Географиялық атаулар Үркер, Шолпан.
Антонимдер Оң — сол, өлі — тірі, ашу — жұму.

Қорытынды

Бүгінгі сабақта Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне талдау жасадық: кейіпкерлер бейнесін ашып, шығарманың тілдік ерекшеліктерін және жазушы қолданған айшықты сөздерді анықтадық.

«Ананың анасы» — жазушының ана тақырыбына арналған шығармаларының бірі. Ғ. Мүсірепов әйел тұлғасын аса қайратты, қуатты бейнеде суреттейтін «Ашынған ана», «Ер ана», «Ананың арашасы», «Ақлима» сияқты әңгімелерінде де ел рухының асқақтығын танытып, адамгершілік құндылықтарын дәріптейді.

Әлем сөз өнерінде үлкен орын алатын ана бейнесі жазушы шығармаларында биік рухтың, мейірім мен әділеттің символы ретінде көрінеді.