Біліміңді мықта

Білім – биіктегі алтын тұғыр

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Бидайық жалпы орта білім беретін мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Садыкова Замзагүл Қалдыбаевна.

Мақсаты

  1. Оқушы санасында білімнің өмірдегі маңызының зор екенін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
  2. Шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту; ізденімпаздыққа баулу; ұтқыр ойлап, ұтымды жауап беруге үйрету.
  3. Білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу.

Нақыл сөздер

Білім — гауһар, бағасы жоқ.

Надандық — кесел, дауаcы жоқ.

Білім арзан, білу қымбат.

Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады.

Оқу — білім азығы,

Білім — ырыс қазығы.

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Ақыл — тозбайтын тон,

Білім — таусылмайтын кен.

Сайыс жоспары

  • Таныстыру: топтың аты, ұраны
  • «Біліміңді мықта!»
  • «Ұшқыр ой»
  • «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
  • «Тездет, бірақ қателеспе»

Таныстыру: топтар және ұрандар

Топ

Ұлан

Ұраны

Жасампазбыз, қыранбыз,
Өнер мен білімге құштармыз.
Болашағы еліміздің —
Біз білімді ұланбыз.

Топ

Қыран

Ұраны

Біз білімді баламыз,
Оқып білім аламыз.
Қыран атты тобымыз,
Биік шыңға барамыз.

«Ұшқыр ой»: логикалық тапсырма

Қу түлкі далада жортып келе жатып, көп балыққа кезігеді. Түлкі қатты қуанады. Оны қасқыр көріп қалып, балықтың жартысын сұрайды. «Бермеcең, өзіңді жеймін», — дейді. Түлкі келісіп, балықты былайша бөле бастайды:

«Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған, алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оныншысы маған».

Сұрақ

Сонда кімнің балығы көп?

Ескерту

Слайдты жүктеу (қажет болса, материалдарды таныстыруға арналған көрнекілік ретінде).