Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
Зияткерлік сайыстың мақсаты
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулиды; білуге және үйренуге деген қызығушылығын арттырады; жарыста жеңіске ұмтылуын дамытады; көшбасшылық қабілеттерін оятады. Сонымен қатар, оқушыларды білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеуді көздейді.
Әдістері
- Баяндау
- Ой қозғау
- Сұрақ-жауап
Түрі және көрнекілігі
- Түрі: сайыс сабақ
- Тірек сызбалар
- Интерактивті тақта
- Ұпайлық (балдық) жүйе
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, әріптестер! Бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайыстың мақсаты — екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру және дамыту, оқулықтан тыс мәліметтермен білімін толықтыру, жарысу мәдениетін қалыптастыру және жеңіске ұмтылуын күшейту.
Ереже:
Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең аяқталған соң ұпайы ең аз екі оқушы сайыстан шығады.
Кезеңдер:
- 1 Бәйге
- 2 Жеті жұрттың тілін біл
- 3 Қызықты тоғыздық
- 4 Жорға
Шабыттандыру сөзі
Мықты болсаң — алдағыны басып оз!
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт!
1-кезең: Бәйге
Бұл кезеңде берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысыңдар. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай әкеледі.
Сұрақтар (10 ұпай)
-
1. 16 желтоқсан қандай мереке?
Жауап: Тәуелсіздік күні.
-
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?
Жауап: Тоқтар Әубәкіров.
-
3. ҚР рәміздерін атаңдар.
Жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран.
-
4. Тудың авторы кім?
Жауап: Шәкен Ниязбеков.
-
5. «Оян, қазақ!» кітабын жазған кім?
Жауап: Міржақып Дулатов.
-
6. Екі тәулікте неше сағат бар?
Жауап: 48 сағат.
-
7. Қазақтың ұлы ақыны кім?
Жауап: Абай Құнанбайұлы.
-
8. Азиада ойындарының бойтұмары қандай?
Жауап: Барыс күшігі Ирби.
-
9. Өсімдік мүшелерін ата.
Жауап: Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл.
-
10. ҚР мемлекеттік тілі қандай?
Жауап: Қазақ тілі.
-
11. Теңдеу құр және шеш: x пен 50-дің қосындысы 60-қа тең.
Жауап: x + 50 = 60, x = 10.
-
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?
Жауап: 1 тәулік 4 сағат.
-
13. Аңыз дегеніміз не?
Жауап: Өмірде болған оқиғаға, адамға байланысты құрылған әңгіме.
-
14. Топырақтың құрамын ата.
Жауап: Су, ауа, шірінді, құм, саз.
-
15. Түбірге жалғанатын бөлік қалай аталады?
Жауап: Қосымша.
-
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?
Жауап: 150 секунд.
-
17. Мақалды жалғастыр: «Оқусыз білім жоқ, ...»
Жауап: «Білімсіз күнің жоқ».
-
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Жауап: P = 2(a + b).
-
19. «Тамырлар» сөзін сөз құрамына талда.
Жауап: Тамыр + -лар (көптік жалғау).
-
20. a + 35 қай түріне жатады?
Жауап: Сан әріпті өрнек.
2-кезең: Жеті жұрттың тілін біл
Айыра біл — жақсы мен жаманды,
Айыра біл — қарындаш пен қаламды.
Айыра біл — соқпағында өмірдің,
Айыра біл — үш тіліңді.
Бұл кезеңде жұмбақтардың шешуін үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
Жұмбақтар
-
1. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауап: кітап — книга — book.
-
2. Футболшының алаңдағы ойын заты?
Жауап: доп — мяч — ball.
-
3. Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын.
Жауап: дос — друг — friend.
-
4. Әй, керемет бір ит бар: үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ — жүрмейді. Рұқсатсыз ол «иттен» ешкім үйге кірмейді.
Жауап: құлып — замок — lock.
-
5. Жеті қазынаның бірі — адамды қорып жүретін досы.
Жауап: ит — собака — dog.
3-кезең: Қызықты тоғыздық
Бұл кезеңде оқушылар таңдаған сұраққа жауап береді. Ұпай саны сұрақтың күрделілігіне байланысты: 20, 30, 40.
20 ұпай
-
Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы?
Жауап: Сапарғали Бегалин.
-
Үш кесіндіден тұратын фигура.
Жауап: Үшбұрыш.
-
0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы.
Жауап: 8.
30 ұпай
-
Тыңайту дегеніміз не?
-
Лондон Олимпиадасында Қазақстан неше алтын алды?
-
Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз қалай аталады? Мысал келтір.
40 ұпай
-
Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
Жауап: 14 сөз.
-
ҚР ұлтаралық тілі қандай?
-
Көкжиектің негізгі тұстарын ата.
4-кезең: Жорға
Бұл кезеңде 20 сұрақтың қаншасына жауап берсеңдер, сонша ұпай жинайсыңдар. Әр сұраққа 1 минут беріледі. Әр сұрақ 1 ұпай болып есептеледі.
Сұрақтар (нұсқа 1)
- Үш би?
- ҚР Президенті?
- Қазақ тілінде неше әріп бар?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Сөйлем неден құралады?
- «Қасқыр мен түлкі» ертегісі қай түрге жатады?
- Төрт түлік малды ата.
- 1 сағатта неше минут бар?
- Өсімдік тіршілігіне не қажет?
- «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
- 1 дм неше см?
- Жуан дауыстыларды ата.
- Әкеңнің әкесі саған кім болады?
- «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
- Астанамыз қай қала?
- Ұя салмайтын құс?
- Абайдың әжесі?
- Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
- «Байлық пен ақыл» ертегісі қай түрге жатады?
- 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?
Сұрақтар (нұсқа 2)
- Орман дәрігері?
- «Қартқожа», «Ақбілек» — кімнің романдары?
- 12 мен 5-тің қосындысы неге тең?
- Дауыссыз дыбыстар нешеу?
- «Балықшы» сөзінің түбірін тап.
- Түйенің төлі қалай аталады?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- 12 ай неге тең?
- Абайдың анасы?
- 7 ондық 0 бірлік неге тең?
- Шаршы қандай фигура?
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Тіктөртбұрыштың қасиеттерін ата.
- Сұлба деген не?
- Ауаның негізгі қасиеті қандай?
- Буын дегеніміз не?
- Сапарғали Бегалин қай жерде дүниеге келген?
- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
- 1 метрде неше см?
- Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
Қорытынды
Сайыс қорытындысында қатысушылар арасынан ең жоғары ұпай жинаған оқушы көшбасшы болып анықталады. Барлық оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақталады.