Негізгі идеялар
Мәлімет
- Өңір
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
- Елді мекен
- Бекарыстан би ауылы
- Мектеп
- №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектеп
- Мұғалім
- Елбосынова Майра (тарих пәні мұғалімі)
- Сынып
- 8
- Пән
- Қазақстан тарихы
- Сабақтың тақырыбы
- Абылайдың хандығы
Жоспар
Жалпы мақсат
Абылай ханның Қазақ хандығындағы елеулі рөлін ашып көрсету. Оның тұсындағы Қазақ хандығының жоңғарлармен, Ресей және Қытай империяларымен, сондай-ақ қырғыздармен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғаларымен таныстыру. Абылайдың тәуелсіздікті сақтаудағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
- Абылайдың үш жүздің басын біріктірген хан екенін түсінеді.
- Сыртқы саясаттағы қайраткерлігін және дипломатиялық қадамдарын сипаттай алады.
- Тәуелсіздікті сақтау жолындағы елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді меңгереді.
- Ой толғаныс кезеңінде алған білімін қолдана алады.
Негізгі идеялар
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың тұлғасын танып, оның кемеңгерлігі мен дипломатиялық шеберлігін дәлелдеуге, зерттеуге және талдауға мүмкіндік беру. Оқушылардың дерекпен жұмыс істеу, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын кеңейту.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс: берілген тарихи деректерді оқып, негізгі ойды анықтау, дәлелдер келтіру және ортақ қорытынды жасау.
Жеке жұмыс
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар және қысқа тест арқылы білімді бекіту.
Блум таксономиясы
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері.
Тест
Негізгі даталар, тұлғалар және сыртқы саясат бағыттары бойынша.