Импульстің сақталу заңы

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырыбы
«Сақталу заңдары» тақырыбын қайталау
Сабақ түрі
Жалпылау, жинақтау, білімді бағалау
Көрнекіліктер
Слайдтар, презентациялар
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу

Сабақтың мақсаты

Теорияны практикамен байланыстыру

«Сақталу заңдары» бойынша алған теориялық білімді тұрмыста және практикада қолдану жолдарын қарастыру арқылы оқушылардың көзқарасын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.

Техника және мамандыққа бағдар

Сақталу заңдарын пайдаланып, елімізде қолданылатын жаңа техникалар туралы түсінікті кеңейту, оны игеруге қызығушылықты арттыру, мамандық таңдауға бағыт беру.

Салыстыру және дағдыландыру

Сақталу заңдарын салыстыру арқылы логикалық ойлауды күшейту, физиканың тәсілдерін тиімді қолдануға дағдыландыру және техниканың көмегімен жұмысты жеңілдетуге үйрету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты түгендегеннен кейін оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Жұмыс форматы төмендегі бөлімдер арқылы ұйымдастырылады:

  • 1 Сұрақ-жауап
  • 2 Шығармашылық жұмыс
  • 3 Формуламен жұмыс
  • 4 Есептер шығару
  • 5 Өзімізді тексеру

2) Негізгі сұрақтар (қайталау)

  1. Дене импульсі дегеніміз не?
  2. Күш импульсі дегеніміз не?
  3. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
  4. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
  5. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
  6. Механикалық энергия дегеніміз не?

3) Шығармашылық жұмыс

Оқушылар алдын ала дайындаған презентацияларын көрсетіп, қорғайды. Талқылау барысында негізгі ұғымдар мен заңдардың қолданылуы нақты мысалдармен дәлелденеді.

4) Формуламен жұмыс

Тапсырмалар: шамаларды атау, өлшем бірліктерін табу, сәйкестендіру және формулаларды жазу.

Белгілеу Шама/Түсіндірме Өлшем бірлігі (мысалдар)
m Масса кг
v Жылдамдық м/с
F Күш Н
t Уақыт с
p Импульс кг·м/с немесе Н·с
I Күш импульсі Н·с
E Энергия Дж
g Еркін түсу үдеуі м/с²
k Серпімділік коэффициенті Н/м

Негізгі формулалар

  • Импульс p = m·v
  • Күш импульсі I = F·Δt
  • Потенциалдық энергия Ep = m·g·h
  • Кинетикалық энергия Ek = m·v2/2

Назар аударатын тұстар

  • Тұйық жүйеде сыртқы күштердің қосындысы нөлге жуық болғанда импульс сақталады.
  • Жылдамдық үш есе артса, кинетикалық энергия тоғыз есе артады.
  • Өлшем бірліктері есептің дұрыстығын тексерудің ең жылдам тәсілі.

5) Есептер шығара аламыз ба?

Оқулық бойынша тапсырмалар деңгейге бөлініп орындалады:

A деңгейі

  • №11.3
  • №11.4
  • №11.5

B деңгейі

  • №11.16
  • №11.17
  • №11.18

C деңгейі

  • №11.20
  • №11.25
  • №11.26

6) Өзімізді тексерейік: «Кім жылдам?»

Төмендегі тест сұрақтары арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.

1) Қандай денелер кинетикалық энергияға ие болады?

  • а) өзара әрекеттесетін
  • в) салмақсыздық күйде болатын
  • с) қозғалыстағы
  • д) Жердің ауырлық күші өрісіндегі
  • е) Жердің бетінен көтерілгенде

2) Дене импульсінің өлшем бірлігі

  • а) кг·м/с²
  • в) Дж/м
  • с) Н·с
  • д) кг·м/с
  • е) Дж/с

3) Кинетикалық энергияның есептеу өрнегі

  • а) mgh
  • в) v/2 m
  • с) mv/2
  • д) 2m/v²
  • е) mv²/2

4) Массасы 4 кг жүкті 2,5 м биіктікке көтергенде істелетін жұмыс неге тең?

  • а) 98 Н
  • в) 98 Па
  • с) 9,8 Дж
  • д) 98 Дж
  • е) 980 Дж

5) Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

  • а) 15 Дж
  • в) 0,67 Дж
  • с) 6 Дж
  • д) 6,7 Дж
  • е) 60 Дж

6) 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 3 кг дене қандай импульске ие болады?

  • а) 54 кг·м/с
  • в) 6 кг·м/с
  • с) 0,6 кг·м/с
  • д) 75 кг·м/с
  • е) 15 кг·м/с

7) Массасы 6 кг дене 10 м биіктікке көтерілген. Дененің потенциалдық энергиясы қандай?

  • а) 60 Дж
  • в) 60000 Дж
  • с) 16 Дж
  • д) 4 Дж
  • е) 600 Дж

8) Дененің жылдамдығы 3 есе артса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

  • а) өзгермейді
  • в) 9 есе артады
  • с) 9 есе кемиді
  • д) 3 есе артады
  • е) 3 есе кемиді

7) Қорытындылау

Орындалған жұмыс түрлеріне сүйене отырып, оқушылардың меңгерген тақырыптары қорытындыланады, негізгі ұғымдар жүйеленеді және қолдану жолдары нақтылап бекітіледі.

8) Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі, есеп шығару барысы және шығармашылық жұмыстардың сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

9) Үй тапсырмасы

Негізгі формулаларды жаттау және өлшем бірліктерін қайталау.