Етістіктің райлары
Сабақтың мақсаты
Грамматикалық тақырып пен лексикалық тақырыпты өзара байланыстыра отырып, жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру.
Сабақтың міндеттері
- Етістіктің рай категориясы туралы жалпы мағлұмат беру және театр мен кино өнерінің тарихын меңгерту.
- Мәдениетке сүйіспеншілікпен қарауға ынталандыру.
- Оқушылардың ойлау қабілетін, сезімін және ізденімпаздығын дамыту.
Қолданылатын стратегиялар
- Сұрақ–жауап
- Топтастыру
- Венн диаграммасы
- Ой шақыру
- Миға шабуыл
Техникалық құралдар мен көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, магнитті тақта
- Плакаттар, маркерлер
- Алматы және Астана туралы диск
- Кино мен театр өкілдерінің суреттері
- Табиғат суреттері, Арал теңізі жағалауының суреті
- Театр суреттері
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, география, орыс тілі.
Сабақ типі
Жаңа білімді тереңдету сабағы.
Сабақ түрі
Саяхат сабағы.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Әнұран орындалады.
2) Үй тапсырмасы (өткенді қайталау)
- VIII модульді қайталау: Табиғат. Етістіктің шақтары.
- Табиғат туралы сызба бойынша сөйлеу.
- Етістіктің шақтарын еске түсіру.
3) Жаңа тақырып
Модуль
IX модуль
Лексикалық тақырып
Кино. Театр.
Грамматикалық тақырып
Етістіктің райлары
Жаңа сөздермен жұмыс
Тақтада жаңа сөздер аудармасымен беріледі. Оқушылар осы сөздермен сөйлемдер құрастырады.
Слайдпен жұмыс
Театр және кино туралы мәлімет беріледі, мәтін бойынша тапсырмалар орындалады.
Кино өндірісінің негізгі қызметкерлері
- Суретші
- Композитор
- Кинодраматург (сценарий авторы)
- Режиссер (оқиғаның орындалуына жетекшілік етуші)
- Актер (кейіпкер тұлғасын жасаушы)
- Оператор (кадрға түсіруші)
Мәтін бойынша хронологиялық кесте
Оқушылар кесте бойынша театрлардың ұйымдастырылу кезеңдерін ретімен айтып шығады.
| Уақыты | Театрлардың ұйымдастырылуы |
|---|---|
| 1926–1930 жж. | 1-тармақ |
| 1926 ж. | 2-тармақ |
| 1930 ж. | 3-тармақ |
| 1933 ж. | 4-тармақ |
| 1937 ж. | 5-тармақ |
| 1938 ж. | 6-тармақ |
Ескерту: Кестедегі «тармақ» бөлімдері мәтіндегі нақты деректермен толтырылады.
Саяхат бөлімі
- Алматы, Астана дискісі қосылады.
- Елорда мен мегаполистің театрлары мен кинотеатрларына «саяхат» жасалады.
- Гид тағайындалады.
- Слайд негізінде диалогті жалғастырып сөйлесу ұйымдастырылады.
Грамматикалық бөлім
Етістіктің райлары мысалдар арқылы түсіндіріледі және жаттығулар арқылы бекітіледі.
Миға шабуыл: етістіктің мағынасын раймен сәйкестендіру
- Жанар сыныпта отыр.
- Атам бақта жүр.
- Әжем төсекте жатыр.
- Дәптерді жоғалтпай ұстапты.
- Сабақ сағат сегізде басталады.
- Сіз қалаға барыңыз.
- Сен мектепке кел.
- Ол тапсырманы орындасын.
- Шолпан келсе, сабаққа барамыз.
- Мен Астанаға барғым келеді.
- Жаңбыр жауса игі еді.
- Қар жауса екен.
Етістіктің райлары
Ашық рай
Іс-әрекеттің шындыққа қатысын білдіреді.
Бұйрық рай
Бұйрық, өтініш, тілек мәнін білдіреді.
Қалау рай
Тілек, ниет, мақсат мәнін білдіреді.
Шартты рай
Шарт, болжал, мүмкіндік мәнін білдіреді.
Тапсырма: берілген етістіктердің райын анықтаңдар
Оқушыларға етістіктің райлары жазылған кестелер (таблолар) таратылады.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар
Сөздер
Барамыз, кинотеатрға, қай.
Сөздер
Қазақтың, ұлттық, ашылды, театры, жылы, тұңғыш, 1926.
Сөздер
Театрында, опера, ма, балет, болдың, және, сен.
Диалогпен жұмыс
Диалогтағы асты сызылған етістіктерді қалау, шартты, бұйрық райда қайта жазу.
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойыңдар
Оң жақ бағандағы етістіктерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар және олардың қай райда тұрғанын анықтаңдар.
Қорытынды бөлім
Бекіту жұмыстары
- Топтастыру
- Венн диаграммасы
- «Қойылым» тақырыбы бойынша қорытындылау
Қалалар бойынша тапсырмалар
- Алматының театрлары мен кинотеатрларын атаңдар.
- Астананың театрлары мен кинотеатрларын атаңдар.
- Ақтөбенің театрлары мен кинотеатрларын атаңдар.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
4-жаттығу
Ережені жаттау.
Бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Жұмыс нәтижесіне қарай қорытынды баға қойылады.
Марапаттау
Марапаттау қағаздары
Белсенді оқушылар марапатталады.