Оңға қарай иіліп, Солға қарап иіліп
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық. Сабақ тақырыбы: Аяз ата.
Мақсаты
Балаларға Аяз атаның бейнесін салуды үйрету; мейірімділік пен сүйіспеншілік сезімдерін ояту; Жаңа жыл кешінің ерекше қонағы — Аяз атаның шығу тарихымен таныстыру.
Көрнекілік
- Үлгі ретінде үлкен көлемді Аяз ата суреті
- Қажетті құрал-жабдық: сурет салуға арналған жұмыс дәптері
Алдын ала жұмыс
Дайындық
- Әңгімелесу
- Таныстыру
- Көрсету
Сөздік жұмыс
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Балалар, сәлемдесу туралы мақалды еске түсірейік: «Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергенің».
Ендеше, жылы шыраймен амандасып, бір-бірімізге жылу сыйлайық.
Сұрақ: Сендер Аяз атаның қалай пайда болғанын білесіңдер ме?
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Әр елде бұл кейіпкер әртүрлі аталады. Біз оны Аяз ата дейміз, ал көршілес Ресейде — Дед Мороз, ал кейбір елдерде — Санта Клаус деп атайды.
Аңыз бойынша, Аяз ата бұғылар жегілген шанамен келіп, тәртіпті әрі мейірімді балалардың аяқ киімі мен шұлықтарына сыйлық қалдырып кетеді.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрмайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.
Тапсырма: Енді маған Аяз атаның бейнесін сипаттап беріңдерші. Қандай киім киеді? Қандай түстер басым? Қандай көңіл күй сыйлайды?
Балалар сурет салуға кіріскен кезде педагог олардың жұмыстарын бақылап, бағыт-бағдар береді, қажет жерінде көмектеседі.
Жақсы орындалған жұмыстар мадақталып, балалардың оқу қызметінен алған әсерлері бірге талқыланады.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Аяз атаның пайда болу тарихын біледі.
Игерді
Аяз ата сияқты аңыз кейіпкерлерін құрметтеуді және оның образын сурет арқылы бере білуді игереді.
Меңгерді
Сурет салу кезеңдерінің дұрыс ретін сақтауды меңгереді.