Біздер математиканың достарымыз
Іс-шара туралы мәлімет
Өтетін орны
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Гоголь орта мектебі.
Пән мұғалімі
Математика пәні мұғалімі: Хайруллина Гульмира Батырбековна.
Сабақтан тыс шараның түрі
Дидактикалық ойын — «Математикалық кафе».
Мақсаты
-
1
Теориялық білімді практикамен ұштастырып, оқушыларды сапалы біліммен қаруландыру және математикаға қызығушылығын арттыру.
-
2
Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.
-
3
Тапқырлыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа және пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және көрнекілік
Көрнекілік
- Кафе үлгісінде безендірілген кабинет
- Үлестірмелі қағаздар
- Командаларға арналған атаулы сілтемелер
Шарттары
Кафе үлгісіндегі кабинетте математика мерекесіне қатысушыларға арнайы үстелдер әзірленеді. Үстелдерге «Көршілер», «Достар», «Туысқандар» командаларының сілтемелері қойылады.
Қатысушылар
3 команда, әр командада 6 оқушы.
Жүргізуші
Бас аспаз рөліндегі жүргізуші.
Бағалау
Төрешілер үшін «Есепшілер конторасы» ұйымдастырылады.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті «Математикалық кафе» қонақтары! Бүгін кафемізде үш үстелге арнайы тапсырыс берген қонақтарымыз бар. Олай болса, оларды ортаға шақырып, таныстыруға рұқсат етіңіздер: математика мерекесіне қатысып отырған «Көршілер», «Достар», «Туысқандар» командалары!
Той басқарушылар атынан сіздерді қош келдіңіздер деп қарсы алып, бүгінгі мәзірімізді ұсынамыз. Тағамдарымыздан дәм татып, би билеп, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілектеспіз!
Кафенің бас аспазы
Салаватова Гульмира
Төрешілер
Хайруллина Гульмира апай және Саяжан апай
Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!
Ас мәзірі (тапсырмалар)
Бүгінгі кештің ерекшелігі — мәзірдегі әр «тағам» белгілі бір математикалық тапсырмамен байланысты. Тапсырманы орындаған команда ұпай жинайды.
-
Қуырдақ — «Кім үлгерді, сол жеді»
Берілген сұрақтарға бірінші болып жауап берген командаға 1 ұпай қосылады. Әр сұрақтың құны — 1 ұпай.
-
Үшбұрыш қосылған сорпа
Геометриялық ойлау мен жылдам есептеуге бағытталған тапсырмалар топтамасы.
-
Салат — «Ұмытпашы»
Ережелер мен формулаларды еске түсіріп, қысқа жауаппен дәлелдей білуге арналған тапсырмалар.
-
«Біздің дастарханнан — сіздің дастарханға...»
Топтық жұмыс: бір-біріне көмектесу арқылы күрделірек есептерді бірлесіп шығару.
-
«Ебін тапқан — екі асар» (қаймақ қосылған «Тезпісер»)
Тапқырлық пен тиімді тәсілді таңдауды талап ететін қысқа, бірақ мазмұнды тапсырмалар.
-
Тоқбасар — логика қосылған балмұздақ
Логикалық сұрақтар, ой тұжырымдау және дәлел келтіру дағдыларын бекітетін бөлім.
Командалардың таныстыруы
Әр команда өздерін таныстырып, аты, ұраны және сәлемдесуін ұсынады.
«Көршілер» командасы
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және «Математикалық кафе» иелері! Бізді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рақмет. Біз — математиканың көршілеріміз.
Ұран
Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық!
«Достар» командасы
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және «Математикалық кафе» иелері! Бізді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рақмет. Біз — математиканың достарымыз.
Ұран
Жүз теңгең болғанша — жүз досың болсын!
«Туысқандар» командасы
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және «Математикалық кафе» иелері! Бізді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рақмет. Біз — математиканың туысқандарымыз. Бір атадан тараған арифметика, физика, геометрия, химия секілді «ауылдардан» келіп отырмыз.
Ұран
Ғылым таппай мақтанба!
Ойынның басталуы
Құрметті кеш қонақтары! Бүгінгі кештің негізгі шарты: мәзірдегі әр тағам — тапсырма. Әр тапсырманың орындалуына қарай команда ұпай жинайды.
Алғашқы бөлім — «Қуырдақ — Кім үлгерді, сол жеді». Берілген сұрақтарға бірінші жауап берген командаға 1 ұпай қосылады. Әр сұрақ — 1 ұпай.