Үстеу сөз қайсы

Астана қаласы

№63 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі: Оразахимова Алуа Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Шылау

Сабақтың форматы

Түрі

Жаңа білім беру

Әдісі

Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі

Интербелсенді тақта, тест тапсырмалары, таратпа карточкалар

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Шылау туралы түсінік беру; шылаудың өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер екенін түсіндіру; сөйлемдегі қызметін ұғындыру.

Дамытушылық

Танымын, ойлау қабілетін және шығармашылық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа, бірлікке және елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және II. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Бүгінгі күн ашық болсын,
Сәттілікке толы болсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең «бестіктер» болсын!

III. Өткен материалды пысықтау

Көркем жазу

«Сазан», «Заман» сөздерін жазу. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Диктант

Сағыз, нағыз, жалбыз, созақ, соғым, ұзынсары, сыбызғы, тамыз, тоғыз.

Тест тапсырмалары

  1. 1) «Ертең» сөзі қай сөзбен байланысады?

    а) күз    ә) биік    б) келеді

  2. 2) «Былтыр» сөзі қай сұраққа жауап береді?

    а) қайтті?    ә) қандай?    б) қашан?

  3. 3) «Бүгін циркке барамыз». Үстеу қайсы?

    а) бүгін    ә) үнемі    б) көмектеседі

  4. 4) «Ілгері» үстеуіне қарама-қарсы мағынаны білдіретін үстеу қайсы?

    а) бұрын    ә) ерте    б) кейін

  5. 5) Қайталап айтуға болатын үстеуді тап.

    а) оңға    ә) тез    б) іште

  6. 6) Мезгіл үстеуін көрсет.

    а) алда    ә) бүрсігүні    б) таста

  7. 7) Үстеулер тобын белгіле.

    а) шіркін, тәйт    ә) оқта-текте, сөзбе-сөз    б) бақта, аулада

Бағалау шкаласы

  • 7 сұрақ дұрыс болса — 5
  • 5–6 сұрақ дұрыс болса — 4
  • 4 сұрақ дұрыс болса — 3

III. Үй тапсырмасын тексеру

5-жаттығу (155-бет).

IV. Үй тапсырмасын бекіту

Жұптық жұмыс: берілген сөздерді сұрақтарға қарай топтастырып жазады.

Қашан?

тез, бұрын, биыл, кейін

Қайда?

жоғары, алыста, тыста

Қалай?

ақырын, шапшаң

Оқушылар мысал келтіре отырып, үстеулердің қай түріне жататынын айтады және ережені қайталайды.

V. Жаңа сабақ: «Шылау»

Бүгін біз тағы бір сөз табымен танысамыз: шылау. 1-жаттығуға назар аударамыз: қарамен берілген сөздердің тіркесіп тұрған сөздермен байланысын теріп жазамыз.

Талқылау сұрақтары

  • Бұл сөздердің толық мағынасы бар ма?
  • Сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола ма?
  • Сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Электронды оқулық және ережемен жұмыс

Ережені хормен оқимыз. Кейін 2-жаттығуды ауызша орындаймыз: мәтіннен шылауларды тауып, атап шығамыз.

Оқулықпен және мазмұнмен жұмыс

Өлең не туралы айтылғанын талқылаймыз. Экраннан «Алтыбақан» туралы қысқа бейнеролик көрсетіледі. Содан соң оқушылар қазақтың өзге ұлттық ойындарын атап шығады.

Сергіту сәті

«Елім менің» әнінің бір шумағын бәріміз бірге орындаймыз (мәтіні тақтада).

Елім менің
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!

Тапсырма

  1. 1 Өлең шумағындағы шылауларды табыңдар: үшін, мен.
  2. 2 Ән не туралы? Негізгі ойды қысқаша айт.

VI. Шығармашылық жұмыс

Төмендегі сөйлемдермен жұмыс жасау (дұрыстап құрастыру, мағынасын толықтыру, қажет жерде шылауларды қолдану):

  • Нұржан көпке үн қатпай тұрды.
  • Амантай мен Маралбек малды кезекпен бағады.
  • Нан дүкеніне барып келе жатыр.
  • Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.

5-жаттығу

Сөйлемдерді оқып, ішінде шылауы бар сөйлемдерді анықтап айтыңдар.

VII. Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)

— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін.

— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін.

— Құлақ не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

— Тіл мен жағың не үшін керек?
— Ақиқатты айту үшін.

— Ал аяғың не үшін керек?
— Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

(Қадір Мырза Әли)

Ал шылау не үшін қажет? Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қажет.

VIII. Қорытынды

Шылаудың ерекшеліктері

  • Сөйлем мүшесі болмайды.
  • Өз алдына толық мағынасы жоқ.
  • Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
  • Көмекші сөз табына жатады.
  • Арнайы сұраққа жауап бермейді.
  • Сөзге қосымша мағына үстейді.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

3-жаттығу (158-бет): өлеңді түсініп оқып, шылауларды теріп жазу.