Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқыту

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырыбы

Сөйлем (презентациямен)

Түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Ойын
  • Проблемалық жағдай тудыру

Мақсаты

  • Түсінік беру: сөйлем, сөйлемнің 3 түрі және сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері.
  • Дамыту: сауатты оқу мен дұрыс жазу арқылы тілін дамыту.
  • Тәрбиелеу: әдемі, көркем жазуға баулу.

Көрнекілігі

Таблица Шырша Сөзжұмбақ

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарының дайын екенін тексеру.

2) Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады: «Сөйлем», оның түрлері және сөйлем соңындағы тыныс белгілері.

3) Жаңа білімді меңгерту

Сөзжұмбақ шешу

  1. 1. Қыстың алғашқы айы.
  2. 2. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
  3. 3. Түйістіреді көзіңді көзіңе, жолықтырады өзіңді өзіңе.
  4. 4. Таудан биік, баудан аласа.
  5. 5. Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді. Кейде сипап өтеді, кейде желпіп кетеді.
  6. 6. Суға батпайды, отқа жанбайды.

Ерекше торкөзден шыққан сөз арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: Сөйлем

Тірек сұрақтар

Сөйлем нелерден құралады?

Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?

Негізгі ереже

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем соңында нүкте (.), сұрау белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.

Ойын

Затты пайдаланып сөйлем құрастыру. Оқушылар берілген затқа сүйеніп, мағыналы сөйлем айтады.

Суретпен жұмыс

  • Сурет бөлшектерін құрастыру.
  • Құрастырылған сурет бойынша сөйлем құрап, тақтаға ілу.

Оқулықпен жұмыс

219-жаттығу

Сөздерді салыстырып оқыңдар.

1) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), сұрау белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.

2) Ережені сөйлемдер арқылы дәлелдеңдер.

221-жаттығу

Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрап жазыңдар.

Берілген сөздер

  • Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
  • Ақан, сырғанады, шанамен.
  • Ол, абайсызда, шанадан, айырылып қалды.
  • Төмен қарай, шана, сырғанай жөнелді.

Дұрыс құрастырылған сөйлемдер

  1. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.
  2. Ақан шанамен сырғанады.
  3. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.
  4. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.

Сөзден сөз жасау

«Сөйлем» сөзінен бірнеше сөз құраңдар.

мес ес сөл ем сөйле өс өсем ел сел

Сөйлем түрлерін түрлендіру

Мысалдар келтіріп, хабарлы сөйлемді лепті және сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейіні қайта шоғырландырылады.

222-жаттығу

Сөйлемдерді соңында тұрған тыныс белгісіне сай ырғағымен оқыңдар: нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі.

Ойландыру сұрағы: осы тыныс белгілерін көргенде ойыңа не келеді?

223-жаттығу

Ребусты шешіп, шыққан сөз бойынша қысқа әңгіме құраңдар.

«Суретшілер» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Бекіту

Оқушылар «Сөйлем» туралы оқығанын қайталап, түсінгенін жинақтап айтады.

Сөйлем

Аяқталған ойды білдіреді.

Құралуы

Сөздерден құралады.

Түрлері

  • Хабарлы
  • Лепті
  • Сұраулы

Тест тапсырмасы

Орындалған тест жұмыстарын көршіңмен ауыстырып, бір-біріңді тексеріңдер.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: мұғалімнің нұсқауына сәйкес.