Бірінші топ
«Беу, қыздар-ай» сайысының мақсаты — қыз баланың бойына қазақы иманжүзділік, көркіне сай ақыл мен білім, сондай-ақ инабаттылық, кішіпейілділік, адалдық, талғампаздық және шеберлік сияқты қасиеттерді сіңіру. Сонымен бірге ата-баба дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту.
Көктемнің алғашқы мерекесі
Көктем — ананың мерекесі. Ана жанын нұрлы көктемге балаған жыр жолдарындай, көктеммен бірге көңіл де жаңарып, мейірім де молаяды.
Осы шуақты кезеңдегі ең алғашқы мереке — 8 Наурыз, Аналар мерекесі. Мереке қарсаңында 8–9–10 сынып оқушылары арасында өтетін сайысымызды ашу үшін құттықтау сөз беріледі.
Сайысқа шақыру
Кейде асқақ, кейде мейірімге толы жанарымен жанға ем болатын, көп ішінен айдай болып көрінгенде сәбидің де көз жасын тиятын — қыздар. Құдіреттен жаралған, гүлдей нәзік аруларымызды ортаға шақырамыз.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ........................................
Сайыс бөлімдері
-
I. Таныстыру
Әр топ өз атын өлеңмен және слайд арқылы таныстырады. Слайдта топ атауы, қыздардың аналарымен бірге түскен суреттері, дайындық барысы және көктемгі көріністермен байланыс болуы керек.
-
II. «Халықтың игі дәстүрі — біздің асыл мұрамыз»
Салт-дәстүрге қатысты сұрақтар және мақал-мәтелді жалғау арқылы қатысушылардың білімі сынға түседі.
-
III. «Қазақтың дарқан дастарқаны»
Қолдан әзірленген тағамдармен дастарқан жасау. Міндетті түрде ұлттық тағамдар болуы керек.
-
IV. «Өмірде кең бол, өнерде өр бол»
Аналарға арнау, ән, би жолдау. Үй тапсырмасы ретінде ою-өрнек бейнеленген бұйым дайындап, өз өнерлерін көрсетеді.
-
V. Сән үлгісі
Көктемгі сән үлгісін таныстыру.
-
VI. «Мерекелік сыйлық»
Топтар бір-біріне қолдан әзірленген сыйлық ұсынып, мерекелік құттықтау жолдайды.
-
VII. Ойын
Әр топ жеребе суырып, қатысу кезегін анықтайды.
Таныстыру кезеңі
Ай мен күннің нұрындай жарқырап, сырғасы сыңғырлаған арулар — өмірдің әсем әуені. Бойлары тал шыбықтай, сымбатты, сырлы.
Ендеше, аққу мойын, қолаң шаш ару қыздарымызды таныстыруға кезек береміз.
Әділқазылар бағасы: ........................................
«Халықтың игі дәстүрі — біздің асыл мұрамыз»
Бұл бөлімде көркіне ақылы мен білімі сай қыздарымыздың салт-дәстүрімізді бойына сіңіргенін байқап, қазақ қызына тән парасат пен тәрбие сабақтастығын танимыз. Қатысушылардың әрқайсысы — Қыз Жібектей ибалы мінездің, ұлттық рухтың жалғасы екенін дәлелдейді.
Бірінші топ
«Базарлық» және «құйрық-бауыр асату» дәстүрлерінің мәнін ашып, қысқаша түсінік береді.
Мақал-мәтел
- Ұлың жақсы болса, қонысың кеңейеді. (Қызың жақсы болса, өрісің кеңейеді.)
- Ұлды асырай алмаған құл етеді. (Қызды асырай алмаған күң етеді.)
Екінші топ
«Бата» және «бастаңғы» дәстүрлері.
Мақал-мәтел
- Ұл орнындағы ту. (Қыз айдыныңда ұшатын қу.)
- Қалыңсыз қыз болса да. (Кәдесіз қыз болмайды.)
Үшінші топ
«Кит» және «қалжа» дәстүрлері.
Мақал-мәтел
- Ұл өнерлі келсін. (Қыз мінезді келсін.)
- Астың дәмін келтірген тұз әулие. (Елдің сәнін келтірген қыз әулие.)
Әділқазылар бағасы: ........................................
«Қазақтың дарқан дастарқаны»
Көктемнің қызыл-жасыл бояуындай, қызы бар үй — думан мен жырға толы. Ендігі кезекте қыздарымыздың дастарқан әзірлеудегі ептілігі мен талғамын тамашалайық.
Әділқазылар бағасы: ........................................
Өнер кезеңі
Анадан ән үзілмесін, күлкі мен қуаныш көбірек болсын. Тыныштыққа алаң көңілдің өзі жарық сәулеге ұмтылады. Өмірге нұр шашқан, көгімізге жұлдыз болған қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
Беу, қыздар-ай! Ендігі кезек — өнерге.