Қан мен тер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

«Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясынан үзінді).

Сабақтың түрі

Қалыпты сабақ.

Мақсаты

Ә. Нұрпейісовтің «Балықшылар» әңгімесін меңгерту арқылы білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Міндеттері

  • Білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті туралы толық мәлімет беру.
  • Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту; шығармашылық ізденіске баулу; өз ой-пікірін қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге; адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдістері

Түсіндіру Суреттеу Салыстыру Сұрақ-жауап Сөздікпен жұмыс Бағалау Бекіту Қорытындылау

Көрнекілігі

  • Көркем әдебиеттер
  • Бейнелі суреттер
  • Рефераттар
  • Бүктемелер

Жұмыс формалары

  • Жеке оқушымен жұмыс
  • Топпен жұмыс
  • Сынып ұжымымен жұмыс

Сабақтың кезеңдері

  1. 1Ұйымдастыру
  2. 2Үй тапсырмасын сұрау
  3. 3Жаңа сабақты түсіндіру
  4. 4Бекіту
  5. 5Бағалау
  6. 6Қорытындылау

Сабақтың барысы

А) Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1Сәлемдесу.
  2. 2Кезекшінің мәлімдемесі.
  3. 3Журнал бойынша түгендеу.
  4. 4Жаңа сабаққа психологиялық және ұйымдастырушылық дайындық.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1Ә. Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар.
  2. 2Шығарманың мазмұны және табиғат апатымен арпалыстың зардабы.
  3. 3Қосымша сұрақтар арқылы өткен тақырыпты жинақтау.
  4. 4Жауаптарға сәйкес білімді бағалау.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру

Сынып екі топқа бөлінеді. Жаңа сабақта оқушылар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығын, сондай-ақ «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлердің болмысын танып, салыстыра талдайды.

Сабақтың эпиграфы

«Келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін төкті... Иә, қанын, терін төкті... Қан мен тер... қан мен тер...»

— Ә. Нұрпейісов

Нақыл сөздер мен үзінділер

  • «Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр бассаң сықыр-сықыр етеді.»

    — Ә. Нұрпейісов

  • «Ақшағыл ақ құм далада айнала ұшқан шағала. Қоштасқан айдын теңізбен қайғылы, мұңды жағада.»

  • «Шығармаға отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі — білім, екіншісі — тәжірибе.»

    — Ә. Нұрпейісов

Кейіпкерлер келбеті

Әлиза

Бұрын да тоғыз баласынан айырылған ана: алты ұлы мен үш қызы үй сыртындағы қара молада жатыр.

Андрей

Бауырмал, кішіпейіл жігіт. Балықшыларды көрсе, үйіріле кетеді. Әрдайым жайраңдап күліп жүреді. Қазақтар оның ибалы мінезін ұнатып, «Біздің сары бала» деп бауырына тартады. Қолына қағаз тисе, сурет салатын өнері бар.

Федоров

Бай, мінезіне бола ел ішінде «Тентек Шодыр» атанған. Түрі суық, еңгезердей ірі, қол-аяғы ұзын. Үнемі ашулы жүретін қатал адам.

Еламан

Балық аулайтын кедей. Бетін үсік шалған, қап-қара. Федоров қанша ұрса да, сыр бермейтін қайсар жігіт.

Ой шақыру

Балалар, бұл әңгіменің негізгі идеясы қандай? Ойларыңды алдымен жұппен талқылап, кейін топта бөлісіңдер.

1) Жұптық жұмыс

Әңгіменің негізгі идеясын анықтау және дәлел келтіру.

2) Топтық жұмыс

Талдауды ортақ қорытындыға келтіру, пікір алмасу.

Топтастыру: Арал теңізі

  • Табиғат тартуы
  • Әмудария мен Сырдария құяды
  • Экологиялық апат аймағы
  • 30-дан астам балық түрі болған
  • Кейінгі кезеңде көптеген түрі жойылып кетті
  • «Балықшылар» тағдырымен астасқан орта

Мағынаны тану

1) Арал туралы реферат

Оқушылар Арал теңізі туралы дайындалған рефератты оқып, негізгі деректерді талдайды.

2) Салыстыру кестесі: Федоров — Еламан

Федоров Еламан
Орыс Қазақ
Өркөкірек Көпшіл
Өзімшіл Мейірімді
Қатал Бауырмал
Жанашыр емес Әділетті

3) Сұрақ-жауап (топтық жұмыс)

I топ

  1. 1«Кемедегінің жаны бір» деген ойды түсіндіру.
  2. 2Әлиза әйелдің қайғысы.
  3. 3Қадақ, гірдегі асымдық балықтар (мәнін ашу).
  4. 4«Біздің сары бала» тіркесінің мәні.
  5. 5Еламанның өтініші.

II топ

  1. 1Жалмұраттың көмегі.
  2. 2Дауыл кезіндегі қарбалас.
  3. 3Ұйқысыз өткен түн.
  4. 4Федоровқа тиген сүймен.
  5. 5Өмір мен өлім арпалысы.
  6. 6Райдың қорқынышы.

4) Дәптермен жұмыс

А)

Федоровты Еламан өлтірген сәтке байланысты қандай ойда қалдыңдар?

Ә)

Бұл әңгімені қалай атар едіңдер? Неліктен?

6) Сөздікпен жұмыс

Репеті
Түрі, ыңғайы.
Қаратаз
Болыстың есімі.

5) Дебат

Тақырып: Еламанның Федоровты өлтіруі дұрыс па, әлде бұрыс па? Екі топ өз ұстанымын дәлелдермен қорғайды, қарсы пікірге жауап береді.

7) Қорытынды тапсырма: «Бес жолды өлең»

  1. 1. Балықшылар.
  2. 2. Еңбекқор, момын.
  3. 3. Аулайды, өткізеді, еңбектенеді.
  4. 4. Балықшылар өмірінің ауыр кезеңі.
  5. 5. Қазақтар.

Сабақтың қорытындысы

  1. 1 Сабақ соңында сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты жинақтап, қорытынды жасаймын.
  2. 2 Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, білімін бағалаймын.
  3. 3 Үй тапсырмасы: шығарманы толық оқып келу; кейіпкерлерге мінездеме жазу; мазмұнын әңгімелеп беру.