Мұқағали МақатаевТұрғанда ұйқы - тұйқы ақ самайым, Мен қалай, Әбе, сені жат санайын
Мұқағали Мақатаев
Тұрғанда ұйқы - тұйқы ақ самайым,
Мен қалай, Әбе, сені жат санайын.
Абыржып асаңды ұстап отырғаның,
Ашулы Грозный патшадайын.
Сөйлесең, Бурадайын лықсып - тасып,
Жаралы жауынгердей сылтып басып,
Әбігер боп жүргенің қашан көрсем,
Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып.
Бой түзеп, Босқа кетпей сауықпенен,
Боз қырау босағасын тауыпты өлең.
Жаман жыр жазғанымда
Ақ таяғың - Арқамда ойнай ма деп қауіптенем...
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын.
Жесірдің айырылмас сырласы боп,
Жендеттің көзінен жас ағызатын.
Туады, туады әлі нағыз ақын!
Жыр сөздері жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда,
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Әбділда Тәжібаев туралы
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Адамшылық амандасудан басталады
Елордасы – Астана
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
ДОМАЛАҚ АНА
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi