Сабақтың жүруі
Сабақ түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың өту барысы
Сабақ төрт турдан тұрады. Ұпайлар әр оқушы үшін жеке есептеледі. Сабақ басталмас бұрын оқушыларға тапсырмалар мен бағалау парақтары таратылып, компьютерлеріне кроссворд пен практикалық тапсырмалар алдын ала дайындалып қойылады.
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды компьютерлерге отырғызып, алдын ала дайындалған тапсырмалар мен кроссворд файлдарын ашып беру.
II. Сабақ мақсатын қою
Сабақтың мақсаты — бұрын өтілген тақырыптарды және Word бөлімі бойынша алған білімдеріңді тексеру әрі қайталау. Сендер негізгі терминдерді қаншалықты меңгергендеріңді және Word-та жұмыс істеу тәсілдерін қалай игергендеріңді көрсетуге тиіссіңдер. Жұмыс соңында орындалған тапсырмалар бағалау критерийлері бойынша бағаланады.
Назарда: негізгі терминдер, практикалық дағдылар және өз жұмысыңды талдау.
III. Қайталау
Интерактивті тақта көмегімен электрондық оқулықтағы Word тақырыбы қайталанады: бағдарламаны іске қосу, құжатпен жұмыс істеу түрлері, мәтіндік редактордың мүмкіндіктері. Қайталау соңында оқушылар электрондық оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындайды.
IV. Кроссворд
Оқушылар жұмыс үстеліндегі 8-сынып қалтасын ашып, ішіндегі Кроссворд.xls файлын іске қосады. Берілген уақыт ішінде ең көп дұрыс жауап берген оқушыға жоғары ұпай беріледі.
Бағалау тәртібі
Оқушылар бағалау парағындағы критерийлерге сүйене отырып, дұрыс жауаптарының санына қарай өз ұпайларын белгілейді.
V. Зертханалық жұмыс
Оқушылар оқулықтың 72 және 77-бетінде берілген практикалық жұмысты орындайды. Тапсырма: «Ай мен Күн» қазақ халық ертегісін мәтіндік редакторда әртүрлі автофигураларды қолданып, өз бетінше бейнелеу.
Дағды
Автофигуралармен жұмыс, объектілерді орналастыру және безендіру.
Нәтиже
Ертегінің көрнекі иллюстрациясы және жұмысты талдай білу.
VI. Викторина
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс жауаптарды жауап парағына орналастырады. Тапсырма 6 сұрақтан тұрады. Әр оқушыға жеке жауап парағы және тапсырмалар таратылады.
VII. Қорытынды
Барлық турда жинаған ұпайлар қосылып, оқушылар жеке бағаланады.
Автор туралы мәлімет
ШҚО, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы, О. Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп КММ.
Информатика және математика пәнінің мұғалімі: Баукенова Майгүл Азимжанқызы.