Таным Кіші сала

Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі (ММ)

Тәрбиеші: Куанышова Айгерим Батырхановна

Екінші кіші тобына арналған ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Таным

Кіші сала: Экология негіздері

Тақырыбы

Дидактикалық ойын: «Бізге күз не алып келді?»

Мақсаты

  • Көкөністер мен жеміс-жидектер туралы балалардың ой-өрісін дамыту.
  • Жемістер мен көкөністерді ажыратып, топтастыра білуге үйрету.
  • Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқап, салыстыруға жаттықтыру.

Билингвальдық компонент

көкөністер

овощи

жеміс-жидек

фрукты

қызанақ

помидор

алма

яблоко

сәбіз

морковь

қияр

огурцы

орамжапырақ

капуста

Сабақ құрылымы

I кезең — мотивациялық-қозғаушы

Таңғы шеңбер

  • Балаларға жемістер мен көкөністерді көрсету, олар туралы қысқаша әңгімелеу.
  • Айырмашылықтарын түсіндіру: жемістер ағашта өседі, ал көкөністер жерде (бақшада) өседі.

II кезең — ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сұрақ-жауап

«Балалар, қандай тақпақтар білесіңдер?»

Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады.

Қызықты сәт — ойын

«Бауда ма, бақшада ма?»

  • Алма қайда өседі? Көлемі қандай? Түсі қандай?
  • Қызанақ қайда өседі? Көлемі қандай? Түсі қандай?
  • Түсі мен көлеміне мұқият назар аударту.

Сөздер тізімі

Алма Алмұрт Шие Қияр Қызанақ Орамжапырақ Қызылша

Жұмбақтар

Өзі сары, қызыл, домалақ,
Доп деп қалма сен бірақ.
Жауабы: алма
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.
Жауабы: сәбіз
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді.
Жауабы: қырыққабат

Суретпен жұмыс

  • «Балалар, суреттерден нені көріп тұрсыңдар?»
  • «Жемістерге нелер жатады?»
  • «Көкөністер қайда өседі? Оларға нелер жатады?»

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.

Сабаққа барамыз,
Жүзім теріп аламыз.

Жүзім теріп аламыз,
Себетке біз саламыз.

Қорытынды сұрақ

«Балалар, жемістер мен көкөністерді қолданар алдында не істеуіміз керек?»

Күтілетін жауап: жуып, тазалап, дұрыс дайындау.

Сөздік жұмыс

Көкөністер

овощи

Жеміс-жидек

фрукты

Қызанақ

помидор

Алма

яблоко

Сәбіз

морковь

Қияр

огурцы

Орамжапырақ

капуста