Сын есімдерді табу

6-сынып қазақ тілі: сөз таптары және сан есім

Бұл сабақ жоспары 6-сынып оқушыларына сан есім туралы білімді жүйелеуге және тереңдетуге бағытталған. Материал жаңа тақырыпты меңгертуге, оқушының тілдік талдау дағдыларын дамытып, сауатты жазу мен оқуға ықпал етуге құрылған.

Сабақ түрі

Жаңа материалды игеру сабағы

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Ізденіс
  • Сұрақ-жауап
  • СКТ технологиясы

Көрнекіліктер

  • Тақырыптық кесте
  • Оқулық
  • Флипчарт

Білімділік мақсат

Оқушыларға сан есім және оның мағыналық түрлері туралы білімді тереңдету.

Тәрбиелік мақсат

Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіру арқылы тілдік-эстетикалық сезімін тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

Бастауышта меңгерген білімге сүйеніп, сан есім туралы түсінігін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; белсенді ойлауды жандандыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Түрлі түсті гүлдер арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың «Аттың сыны» өлеңінен сын есімдерді табу.

I топ

Сын есімнің мағыналық түрін ажырату.

II топ

Сапалық және қатыстық сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.

III топ

Мақал-мәтелдер құрастырып жазу.

Үй тапсырмасын қорытындылау сұрақтары

  1. Сын есім нені білдіреді?
  2. Мағыналық жағынан қандай түрлерге бөлінеді? Мысалмен дәлелде.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Қабылдауға дайындық

  • Тақырып атауы жазылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
  • «Сан есім» терминінің мағынасы проблемалық жағдаят арқылы оқушыларға өздігінен анықтатылды.
  • Жаңа ұғымдар мен әрекеттерді қалыптастыру.

2) Сан есімнің сұрақтары

қанша? неше? нешінші? нешеу?

Топтастыру стратегиясы (мағыналық түрлері)

  • Есептік
  • Реттік
  • Жинақтық
  • Топтау
  • Болжалдық
  • Бөлшектік

Жаңа сабақты бекіту

Төмендегі мысалдардағы сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.

  1. 1) Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі — еріншектік, үшіншісі — зұлымдық.

  2. 2) Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 серпінді бағытын белгілеп берді.

  3. 3) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  4. 4) Қазіргі Қазақстан Республикасында қазақ халқының үлесі 60 пайызға жуық (57%).

  5. 5) Жиналғандардың төрттен бірі — балалар.

  6. 6) Олар бес-бестен топ құрды.

Оқулықпен жұмыс

58-жаттығу.

Талдау жұмыстары және бекіту тапсырмалары

IV. Абайдың ұлағатты сөзімен жұмыс

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  1. Сын есімдерді табу.
  2. Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау.

I топ

Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

II топ

Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

III топ

Фонологиялық талдау жасау.

Тақтамен жұмыс

  • «Отыз» және «Алтау» сөздеріне фонологиялық және морфологиялық талдау жасау.
  • «Екіншісі» сөзіне ауызша талдау (2 минут, 3 саты).

Мысал: «Жиырма беске» сөз тіркесін талдау

  1. Құрамы жағынан: екі құрамды.
  2. Құрылысына қарай: күрделі.
  3. Тұлғасына қарай: туынды.
  4. Сөзде лексикалық және грамматикалық мағына бар.
  5. Лексикалық мағынасы: сан атауы.
  6. Грамматикалық мағынасы: сан есім (неше?).
  7. Қосымша арқылы берілген грамматикалық мағына: -ке — барыс септік.
  8. Қорытынды: «жиырма беске» — күрделі есептік сан есім тұлғасында, барыс септікте тұр.

Сөз жарысы (ойын)

Берілген сан есімдерді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз:

бес он бес жиырма тоғыз жүз жетпіс бес екі мың үш жүз алты тоқсан тоғыз сегіз жүз елу бір алты жүз тоқсан бес

Қорытындылау

Рефлексия

Не білдім?

Жоспарлау

Нені үйренгім келеді?

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

Сан есімдерді қолдана отырып, «Біздің сынып» тақырыбында мәтін құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың білімін топ сарапшылары бағалайды.