Көңілді клоундар Көңілді клоундар

Күлкі күніне арналған ашық шара

Бұл ашық шара балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада көңілді клоундар, сазды көріністер және қызықты ойындар қамтылады.

Қатысушылар

Көңілді клоундар
Төке, Көке
Тәрбиеші
________________

Шараның мақсаттары

Білімділік

  • Балаларға Күлкі күні туралы мағлұмат беру.
  • Күлкінің адамға пайдасы туралы түсіндіру.
  • Әр адам айналасына қуаныш пен шат күлкі сыйлай алатынын ұғындыру.

Дамытушылық

  • Ертегі кейіпкерлерін сазды әуенмен көрсету арқылы көңіл күйін көтеру, мерекелік жайлы орта қалыптастыру.
  • Баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру.
  • Ойын арқылы ой-өрісін кеңейту, танымдық қабылдауын қалыптастыру.
  • Әлеуметтік ортамен байланысын нығайтып, инклюзивті тәсіл арқылы ұялшақ, жасқаншақ балаларды ортаға тарту.
  • Сыртқы реттеуден өзіндік реттеуге біртіндеп бейімдеу.
  • Қиялын дамыту, шығармашылыққа бағыт беру.

Тәрбиелік

  • Сазды театр қойылымдары арқылы әсемдікке, эстетикалық талғамға баулу.
  • Жақсы мен жаманды ажырата білуге, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу.
  • Мейірімділік пен қайырымдылыққа үлгі болуға шақыру.
  • Достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Безендіру және атмосфера

Зал түрлі-түсті шарлармен безендіріледі. Шара көңілді әуенмен басталып, балаларды бірден мерекелік көңіл күйге бөлейді.

Сценарий: клоундардың кіріспесі

Клоунның келуі

Залға көңілді әуенмен клоун кіреді. Ол арқасына үлкен қапшық асынып алған. Қапшықтың аузы мықтап байланған: түртсе қозғалады, музыка қосылса билегендей болады. Клоун балалардың назарын қапшыққа аударып, «Ішін бірге қарап көрейік» дейді.

Клоунның сөзі

Сәлеметсіздер ме, балалар! Күлкі мерекесі құтты болсын! Әр адам күлуге жаралған, күлкісіз өмір сүру қиын. Айтпақшы, күніне шамамен 5 келідей күлу керек екен дейді. Мағыналы, қуанышты күлген адамның ғұмыры ұзарады екен. Сондықтан бүгін тек күліңдер!

Күліңдер, күліңдер,
Күлімдеп тек жүріңдер.
Бәрін, бәрін біліңдер,
Білімді болып жүріңдер.

Шынығыңдар, шынығыңдар,
Таза ауада тынығыңдар.
Дәруменмен дос болып,
Қуаттанып жүріңдер,
Салауатты өмір сүріңдер.

Күліңдер, күліңдер,
Көңілді болып жүріңдер.

Күтпеген сәт

Клоун қапшықтың аузын шешкен сәтте ішінен тағы бір клоун атып шығады. Екеуі құшақтасып амандасып, танысады:

Бірінші клоун

«Менің атым — Төке.»

Екінші клоун

«Ал менің атым — Көке.»

Содан кейін олар көңілді музыкаға қосылып, бірге би билейді.