Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата
Кіріспе бөлім
Әнұран орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар және тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары!
Талай ғасыр бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсады. ХХ ғасырдың соңына қарай сол асыл арманға қол жеткіздік. Соның нәтижесінде бүгін өз бағыты бар, өркениетті елдер мойындаған дербес мемлекетке айналдық.
Қазақ елінің тарихында 1991 жыл алтын әріппен жазылды. Тәуелсіздік — баға жетпес құндылық, ұлттың еңсесін тіктеген, елдіктің тұғырын биіктеткен қасиетті ұғым.
Осы құндылықтың қадір-қасиетін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты ашық тәрбие сағатын өткізудеміз. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс форматында өтеді. Ерекшелігі — сайыс ұлдар мен қыздар арасында ұйымдастырылады.
Әділқазылар алқасы
Әділқазылар алқасымен танысу және бағалау талаптарын нақтылау.
Сайыс шарттары
- Мақал-мәтел айту
- Бәйге (сұрақ-жауап)
- Поэзия минуты
- Пікір алмасу
- Жеті жұмбақ
- Тілек айту
Тәуелсіздіктің бағасы
Тәуелсіздік жолында талай жан құрбан болды, «елім» деп еңіреп өткен ерлердің ізі тарихта қалды. Ата-бабамыз қилы кезеңдерді, қиын-қыстау жылдарды, қуғын-сүргінді бастан кешірді.
Н. Ә. Назарбаевтың ой-түйіні
«Біз Қазақстан тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп, оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстан азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды құрметтеуі тиіс. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, қажет болса жанын қиюға міндетті».
«Туған жердей жат жердің болмайтыны — ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны — ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны — ақиқат.»
I бөлім. Мақал-мәтел сайысы
Қазақ халқы үшін атамекенді ардақтау — терең тамырлы қасиет. Туған жерді қастерлеу — қанға сіңген мінез, ежелден келе жатқан дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған.
Тапсырма
«Туған жер», «Отан», «батырлық», «ерлік» тақырыптарына байланысты алдын ала дайындаған мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар.
II бөлім. Бәйге (сұрақ-жауап)
Қазақстан астаналары (тарихи ретімен)
- 1919–1925: Орынбор
- 1925–1929: Қызылорда
- 1929–1997: Алматы
- 1997: Ақмола қаласы астана атанды
- 1998: Ақмола атауы Астана болып өзгертілді
Мемлекеттік рәміздер — ел бірлігінің белгісі
Әр мемлекеттің тарихымен біте қайнасқан рәміздері болады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың борышы.
- Рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран
- Ту авторы Шәкен Ниязбеков
- Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов
- Әнұран (2006) Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; Әні: Ш. Қалдаяқов
Негізгі сұрақтар
- Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
- Тудың авторын атаңыз.
- Елтаңбаның авторлары кімдер?
- Әнұранның сөзін және әнін кімдер жазған?
- Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылғы 16 желтоқсан)
- Ұлттық валютаны атаңыз. (теңге)
- Ата заңымыз қашан қабылданды? (1995 жылғы 30 тамыз)
- Республика күнін атаңыз. (25 қазан)
- Алматыдағы Тәуелсіздік монументі қашан орнатылды? (1996 жылғы 16 желтоқсан)
- Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5)
- Ұлттық валюта күні қай күн? (16 қараша)
- «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қашан қабылданды? (2006 жылғы 7 қаңтар)
III бөлім. Поэзия минуты
Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын-жазушылар аз емес. Бұл кезеңде оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
Бағалау өлшемдері
- Дикция және дауыс мәнері
- Сезім мен ойды жеткізу
- Сахна мәдениеті
IV бөлім. Пікір алмасу
Қыздарға арналған тақырып
«Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Республикамыз 20 жылда қандай жетістіктерге жетті?»
Ұлдарға арналған тақырып
«Президенттің халыққа жолдауы туралы не білеміз?»
V бөлім. Жеті жұмбақ
Бұл бөлімде 7 пән бойынша сұрақ қойылады. Мақсат — білімді ықшам әрі нақты жауап арқылы көрсету.
1) Тарих
1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасының шығу себебі қандай?
2) Қазақ тілі
«Тіл туралы» заң қашан қабылданды? (1989 жылғы 22 қыркүйек) Қанша тарау мен баптан тұрады?
3) Әдебиет
Абайдың «5 асыл ісі» мен «5 дұшпанын» атаңыз.
5 асыл іс
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан
Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
4) Ағылшын тілі
Сөйлемді аударыңыз: «Мен Форт-Шевченко қаласында тұрамын».
5) Орыс тілі
Сөйлемді аударыңыз: «Мен туған жерімді жақсы көремін».
6) Математика
04.06.1992 сандары нені білдіреді?
7) Жаратылыстану
Қазақстан қай материкте орналасқан? Шектесетін мемлекеттерді атаңыз.
Еуразия материгі. Шектесетін елдер: Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Қытай.
VI бөлім. ХХІ ғасырға ақ тілек
Бұл бөлімде оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның болашағына арналған ізгі тілектерін білдіреді.
Ән
«Көк тудың желбірегені»
Қорытынды
Жеңімпаздар анықталып, марапатталады. Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Түйін өлең
Тәуелсіз Қазақстан — ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қайыс болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Құрастырушы
Ташманова Сания Мырзагалиевна