Меруерт алқа тұмаршасын бисермен тоқу
Сабақтың тақырыбы
Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру.
Білімділік
Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелеу, шеберлік деңгейін арттыру және әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық
Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ынта-ықыласын және шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғамды тәрбиелеу, тиянақтылық пен жауапкершілік деңгейін көтеруге баулу.
Көрнекіліктер
- Бисерден тоқылған дайын бұйымдар
- Технологиялық карта және суреттер
- Бисер, моншақтар, жұмсақ сым
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Қорытындылау сабағы.
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс.
- Пәнаралық байланыс
- Математика.
Сабақтың барысы
- I.Ұйымдастыру
- II.Өткен тақырыпты пысықтау
- III.Сергіту сәті
- IV.Сарамандық жұмыс
- V.«Моншақ» сөзжұмбағын шешу
- VI.Қорытындылау және бағалау
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам: туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: шындық, бірлік, адалдық.
II. Өткен тақырыпты пысықтау
Алдыңғы сабақта бисердің шығу тарихы және түрлері туралы таныстық. Ендеше, сұрақтарға жауап берейік.
1) Бисер деген не?
Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
2) Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезден бастап пайда болды?
Бисермен тоқу көп уақыт пен ұқыптылықты талап етеді. Бисер тоқудың тарихы әйнектің пайда болуымен тығыз байланысты. Әйнектің нақты қашан пайда болғаны белгісіз, бірақ Финикия туралы аңыз кең таралған: финикиялық көпестер сапар кезінде қазан көтеруге селитра кесектерін қолданғанда, оттың ыстығынан селитра еріп, өзен құмымен араласып, сұйық әйнекке айналған деседі. Кейін финикиялық шеберлер Жерорта теңізі елдеріне әйнек бұйымдарын таратқан.
3) Ұсақ моншақтар туралы қосымша мәлімет
Кей деректер әйнектің отаны Ежелгі Египет екенін айтады. Әйнектен жасалған моншақтар, амулеттер мен ыдыс-аяқтар б.з.д. XI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Египеттіктер әйнек массасына кобальт, мыс, марганец қосып көгілдір, жасыл, алқызыл түстер алған. Мұндай әшекейлерді ерлер де, әйелдер де таққан, әсіресе ақ түсті киіммен үйлестірген.
«Бисер» атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» сөздерімен байланыстырылады (жасанды маржан). Рим империясы Египетті басып алғаннан кейін әйнек өндірісі Римге, кейін Византияға ауысады. Константинополь құлаған соң, әйнек шеберлері жан-жаққа таралып, бисер бұйымдары әлемге кеңінен танылды.
Қазақ зергерлігіндегі моншақтың орны
Қазақ зергерлері қыз-келіншектердің ажарын ашатын әшекей бұйымдарды көп жасаған. Сол бұйымдардың сәнін келтіруде моншақ кең қолданылған. Мысалы, әйел бас киіміне тағылатын ірі маржан моншақ «былқылдақ», ал сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтар «жырға» деп аталған. Шолпы мен шашбауда алтын-күміс бөлшектер тізілген моншақтармен жалғасып, нәзік әуезді ырғақ пен көркемдік берген. Алқа көбіне су моншақтан, алтын-күмістен соғылған домалақ элементтерден және асыл тастардан тізіліп, салпыншақпен толықтырылған.
III. Сергіту сәті
«Полиглот» жұмбақтары
-
Тап-тап, тап жорға, табаны жоқ боз жорға. Желіп кетсе жеткізбес, жерге түссе таптырмас.
Жауабы: ине — игла
-
Басы екеу, аяғы да екеу.
Жауабы: қайшы — ножница
-
Ине өткен жерден — ________ өтер.
Жауабы: жіп — нитка
-
Әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті ұсақ моншақ қалай аталады?
Жауабы: су моншақ — бисер
-
Әшекейлі күбі, июлі тұрған шөмеле, кигіздім биік төбеге.
Жауабы: сәукеле
-
Әжеме өң берген, жиегін көмкерген. Етегі желкендей, киім еді ол нендей?
Жауабы: кимешек
«Тиістісін тап» сәйкестендіру
Нұсқа
- Әр
- Әшекей
- Кимешек
- Зүбіжат
- Үлде-бүлде
Сәйкестендіру үшін сөздер
Тапсырма: берілген сөздерді тиісті ұғымдармен жұптастырыңыз.
IV. Сарамандық жұмыс
Тақырып: «Меруерт» алқа тұмаршасын бисермен тоқу.
Қауіпсіздік ережелері
- Қайшыны жолдасыңызға үшкір ұшымен бермеңіз.
- Қайшыны арнайы қобдишада сақтаңыз.
- Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.
- Инені киімге қыстыруға болмайды.
- Инені тістеп, ауызға салуға болмайды.
- Тот басқан инемен жұмыс жасамаңыз.
- Моншақ шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыста немесе қорапшада ұстаңыз.
- Бисер домалап кетпеуі үшін оны түкті матаның үстіне төгіңіз.
Жұмыстың реті
-
1) Гүл тоқу технологиясы
Қадамдарды мұғалімнің көрсетілімімен қайталау, өлшем мен симметрияны сақтау.
-
2) Нұсқау карта бойынша жұмыс
Технологиялық картаға сүйене отырып, өз бетіңізше орындау және нәтижені тексеру.
Ескерту: жұмысты бастағанда моншақ өлшемін, түстер үйлесімін және сымның жұмсақтығын алдын ала тексеріңіз.
V. «Моншақ» сөзжұмбағы
Сұрақтар
- «Қыз Жібек» рөлін сомдаған кім?
- Су моншақты ең көп шығаратын ел.
- Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.
- Шашқа тағатын әшекей бұйым.
- Алқаның екі ұшын бекітетін топса.
- Мойынға тағатын әшекей бұйым.
Жауаптар
- 1)
- Меруерт
- 2)
- Жапония
- 3)
- Финикия
- 4)
- Шашбау
- 5)
- Тойнақ
- 6)
- Алқа
Кілт сөздер
VI. Қорытындылау және бағалау
Бисермен шығармашылық жұмыс жасау арқылы біз өмірлік дағдыларды да дамытамыз. Сабақ қорытындысы бойынша оқушылар:
- 1) Гүл тоқуды үйренді.
- 2) Моншақ түрлерін ажырата алады.
- 3) Моншақтың қолданылатын орнын біледі.
- 4) Алқаны өзі дайындап, қаражатты үнемдеудің маңызын түсінеді.
- 5) Дүкендегі алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстырып, сапаны таңдай білу қабілетін арттырды.
- 6) Шеберлікке дағдыланды.
- 7) Өзіне-өзі қызмет етуді үйренді.
- 8) Байқағыштық қабілетін дамытты.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы қауіпсіздік ережесін сақтауы, технологиялық картаға дәлдігі, ұқыптылығы, түстер үйлесімі және дайын бұйымның сапасы бойынша бағаланады.