Мектеп мұғалімі ерекше тұлға
Ұстаз — ізгілікке жетелеуші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Бейнеу мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология-химия пәні мұғалімі Жетпісова Айжақсы Бегейбайқызы ұсынатын ой өзегі — ХХІ ғасырда өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өзекті білім беру бағдарламаларын дамытуға мұғалім қалай үлес қоса алады деген сұраққа заманауи көзқараспен жауап беру.
Бәсекеге қабілетті ел болу үшін сауаттылығы жоғары қоғамға айналуымыз қажет. Қазіргі әлемде жаппай сауаттылықтың өзі жеткіліксіз: білім беру жүйесі оқушыны тек ақпарат алуға емес, оны талдауға, қолдануға, бірлесе әрекет етуге және өмір бойы үйренуге бейімдеуі тиіс.
Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектептері де білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек. Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы шетелдік тәжірибені зерделеп, тиімді тұстарын енгізуді талап етеді. Бұл — әсіресе ХХІ ғасыр ұрпағы үшін маңызды мәселе.
Баланың бойындағы күш-қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру — ұстаздың құдіретті мүмкіндігі, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қатар саналы тәрбие беру — әр мұғалімнің абыройлы борышы.
Қазақстан мектептерінде жаңа әдістерге көшу ең алдымен мұғалімнен басталады. Мұғалімнің оқушылар арасында сыйлы әрі беделді болуы өз пәнін жетік меңгеруіне, ғылым мен техниканың үздік жетістіктерін, сабақ өткізудің жаңаша технологияларын орынды қолдануына және әр сабаққа тыңғылықты дайындықпен келуіне тікелей байланысты.
Осы мақсатта Кембридж оқу бағдарламасы бойынша үшінші (базалық) деңгей курсы тапсырмалары негізінде әріптестеріме арнап өткізген семинар-тренинг сабағымның құрылымын ұсынамын.
Семинар-тренингтің мақсаты
- Оқушылардың өмірден өз орнын табуына ықпал ете отырып, бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашылуына көмектесу.
- Балаларды өзара түсіністік, сыйластық және ынтымақтастық жағдайында тәрбиелей отырып, ғасырлар бойы жинақталған адамзат мұрасының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту.
Ұйымдастыру бөлімі
Ұстаздар қауымында қабілеті, ынта-жігері, қызығушылығы, шығармашылығы және білім-біліктілік дағдылары артқан тұлғаның қалыптасуы.
Жүрісі
Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі.
1) Миға шабуыл (ой қозғау)
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан.
Өмір — күрес, бақыт күресте.
Өмірдің алды — ыстық, арты — суық;
Алды — ойын, артқы жағы — мұңға жуық.» (Абай)
Біз өмірге «кірпіш» болып қаланып, өзімізге ұнайтын мамандықты игеріп, еңбегіміздің нәтижесін көріп келеміз. Өмір — күрес, ал бақыт — сол күрестің ішінде.
Мектеп мұғалімі — ерекше тұлға. Ол балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуда үлгі болып, ықпал ете алады. Мұғалім — барлық ойы мен әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі.
Я. А. Коменскийдің сөзімен айтсақ: «Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».
Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар қандай?
- Ерік
- Қайрат
- Мінезге бай болу
- Адами қасиет
- Білімділік
- Ұқыптылық және т.б.
- Көзді жұмып-ашыңыз.
- Арқаны тік ұстаңыз.
- Мұрын арқылы асықпай терең дем алыңыз.
- Асықпай дем шығарыңыз.
- Дем алғанда: «Мен», дем шығарғанда: «Өзімді еркін сезінемін» деп айтыңыз.
- Егер маған тыныштық пен қуаныштың бірін таңдау керек болса, мен қуанышты таңдар едім.
- Білімді, алғыр, зерек шәкірттерімді көргенде қуанышым артады.
- Өмір маған ешкімге шектен тыс сенуге болмайтынын үйретті.
- Шын мәнінде менің өмірім шәкірттеріммен бірге бақытты.
- Мен отбасыммен бақыттымын.
Адам өз өміріне риза бола білуі керек, өйткені адам — табиғаттың ең керемет жаратылысы. Әрдайым достарымызбен, әріптестерімізбен бірге болып, бір-бірімізді бағалап, түсіністікпен өмір сүрейік.
Мұғалім бойындағы жақсы қасиет деп ____________________________________
Мұғалім бойындағы жаман қасиет деп ____________________________________
Ақылды болу үшін не істеу керек? ____________________________________
Жақсы адам күндей айналасына жылу береді. Әл-Фараби бабамыз: «Ақыл дегеніміз — екі нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» деген.
Жауап кілті: иә, жоқ, білмеймін.
- Достарыңыз көп пе?
- Уақытпен жүру сіздің мінезіңізге тән бе?
- Қатаң стильде киінгенді ұнатасыз ба?
- Біреуге деген жағымсыз сезімдеріңізді елдің көзінше көрсетесіз бе?
- Сіз сыр сақтай аласыз ба?
- Мерекелік дастарханды ұнатасыз ба?
- Қонақ келгенде көңілін аулап, еліктіре аласыз ба?
Б. Момышұлының «Ой жетпейтін жер болмайды» дегенін негізге алып, қағаз бетіне өз ойларыңыз бен идеяларыңызды түсіріңіз: 12 жылдық мектеп жағдайында мұғалім қандай болуы керек? Топтастыру немесе ассоциация құру арқылы сипаттаңыз.
Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз оянып, толыға түсті ме? Нені сезіндіңіздер?
Ерекше бір жылылықты байқадыңыздар ма?
Мына үлкен жүрек — мұғалімнің жүрегі. Ендеше, шәкірттеріңізге жылы сөздер арнаңыздар. Мұғалімнің жүрегі қашанда «бала» деп соғуы керек.
Қорытынды ой
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фарабидің сөзімен түйіндесек: ұстаз тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі тиіс. Тым қатал ұстазға шәкірт қарсы келеді, ал тым жұмсақтық ұстаздың қадірін кетіріп, шәкірттің сабаққа және ғылымға селқос қарауына әкелуі мүмкін.