Наурыз Аналар мейрамы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 4-сынып
Сабақтың тақырыбы
Жіктеу есімдігі
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Есімдік туралы түсінік беру.
- Жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру.
- Жіктеу есімдігінің ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық
- Сын тұрғысынан ойлауға бағыттау.
- Сауатты жазу және оқу дағдыларын жетілдіру.
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
- Сөз байлығын арттыру, ойлау мен байқағыштық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Белсенді ойлау әрекетін жандандыру.
- Грамматикалық тапсырмалар арқылы шапшаңдық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
- Ұстазды құрметтеуге баулу.
- Оқуға, білімге қызығушылығын арттыру және ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Тірек-сызба
- Сөзжұмбақ
- Слайд
- Деңгейлік тапсырма карточкалары
- Семантикалық карта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың дайындығын тексеру, қонақтармен амандасу
Сыныптағы даярлық
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын реттеу.
Амандасу мәтіні
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қайырлы күн!
II. Психологиялық дайындық
8 наурыз тақырыбы арқылы жылы атмосфера құру
Сұрақ-жауап
- Жақында қандай мереке болды? — 8 Наурыз, Аналар мерекесі.
- Аналарды неге теңеуге болады? — Күнге.
Оқушыларға өздерін еркін сезіндіріп, «Күнге қол созу» қимылын орындату ұсынылады. Күннің жомарт сәулесі ананың нәзік алақанындай аялап, жылытады; жүрекке жылу мен мейірім сыйлайды.
Өлең
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
Осы жылумен сабақты бастау көзделеді.
III. Үй тапсырмасын тексеру
12-жаттығу
Тапсырма: 12-жаттығу бойынша «Наурыз» тақырыбына құрастырған мәтіндерін оқушылар кезекпен оқиды.
IV. Қызығушылықты ояту
Наурыз және Жаңа жыл идеялары арқылы сабаққа кіріспе
Оқушылар өз мәтіндерінде бүкіл мұсылман жұртына ортақ мереке — Наурыз туралы айтты. Ендеше көктемнің тағы бір мерекесі ретінде «Жаңа жылға дайындық» тақырыбын байланыстыра отырып, жаңа сабаққа өтеміз.
V. Жаңа сабақ
Жіктеу есімдігін таныстыру және қолдану
1) Ой қозғау: жұмбақ
Наурыздың сәні туралы жұмбақты шешу:
Ұқсайтын шеңберге, қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді.
Жауабы: киіз үй
Киіз үй бөлшектерінің артындағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы киіз үйді біртіндеп құрастыру ұсынылады.
2) Есімдік туралы қайталау
«Есімдік» сөзінің әріп санына сәйкес есімдіктің түрлері бар екені еске түсіріледі. Сызба арқылы қайталап, сұрақтарға жауап беріледі:
- 1Есімдік дегеніміз не?
- 2Мен, сен, ол есімдіктері қай түрге жатады?
- 3Кім? Не? Қанша? сұрақтарына жауап беретін есімдіктерді түріне қарай ажырат.
- 4Өздік есімдігіне мысал келтір.
- 5Сіз, әлдекім, өзіне, бұл, бүкіл есімдіктерінің ішінен жалпылау есімдігін тап.
Сабақтың негізгі түйіні
Бүгін оқушылар есімдіктің бір түрі — жіктеу есімдігімен танысады. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрау және сөйлемді талдау дағдылары қалыптастырылады.
Наурыз көже байланысы
«Киіз үйді құрастырдық, енді Наурыздың ең басты тағамы — Наурыз көжені әзірлейік» идеясы арқылы ұлттық мазмұн сабақпен ұштастырылады.
Наурыз көжеге салынатын тағам түрлері еске түсіріледі.
Жаттығу жұмысы
13-жаттығу: оқушылар Қадыр Мырза Әлидің өлеңін мәнерлеп оқып, мәтін ішінен есімдіктерді табады.